Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күзгі тренд: сәнқойлар сатып алуы тиіс 5 бұйым

Күз – күйзелістен арылып, гардеробыңызды жаңа киімдермен толтыратын уақыт.

 3739f0915ae3cbcfa1b29afde170cd85

Бұл ретте биылғы маусымда қандай киімдердің сәнге енетіні жайлы сөз қозғамақпыз.

  1. Ерлерге арналған костюм

76e994eba92e123903fb0fee9a559e38

Тік сызықты не тор көзді костюмдерге назар салыңыз. Алайда таңдау суретіне келгенде, негізгі «ережелерді» есте ұстаңыз. Мысалы, көлемді әрі ірі тор көздер сымбатыңызды толық әрі ірі етіп көрсетеді. Ал ұсақ не орташа тор көздер – қашан да әр жақты сипатта. Бұл сызықты киімдерге де қатысты. Қалың сызық толық қылып көрсетсе, жіңішке не тік сызықтар сымбатыңызды айқындай түседі.

Оған қоса сызықты не тор көзді костюмдер қаражатыңызды үнемдеуге себін тигізеді. Себебі олар кеңсе қызметкерінің іскерлік стиліне ғана емес, casual стилі үшін де жарамды.

  1. Барқыт

f1cd677e63428de3242496ce159c72ca

Ол биылғы күздің басты трендтерінің бірі. Барқыт патшалар матасы, байлық пен сән-салтанат үлгісі деп саналғанымен, бұл маусымда әр сәнқой барқыттан тігілген киім сатып алуға міндетті. Көйлек, бешпет, белдемше, тіпті аяқ киім мен аксессуарлар. Бастысы, мұның бәрін өзге материалдармен дұрыс үйлестіре біліңіз. Керісінше жағдайда, киім-кешегіңіз, сән-сымбатыңыз арзан көрінбек. Ең сәтті үйлесетін маталар – барқыт пен шифон.

  1. Тоқыма матадан тігілген киім

80b379f0e261daa7caea7471730a65f4

Мұндай киімдер биылғы маусымда міндетті түрде киілуі тиіс. Қысқа әрі жылы көйлектер casual стилімен қатар, іскерлік не кешкілік бейнеңіз үшін де жарамды. Олар күздің қара суығында жылу беріп қана қоймай, сымбатыңыздың ерекшелігін айқындауға мүмкіндік береді. Мысалы, өлшемі өзіңізге сай тоқыма матадан тігілген көйлек сымбатыңызды айқындай түседі. Ал көйлекті белдік не мойынорағышпен әсемдеу арқылы күнделікті киюге арналған тамаша киім жинағына ие боласыз.

  1. Ұзын пәлте

552c285f6711e945acf7fd3015a8f8e1

Түрлі үлгілерінің бәрі маңызды: классикалық тік пішімді, аң терісінен жасалған жапсырма қалталы, бір жаққа ілме өңірлі не екі жаққа қаусырмалы. Оған қоса тығыз не қатты матадан тігілген оверсайз стиліндегі пәлте әлі де сәнде қала бермек. Оны джинсы, тік шалбар, спорттық аяқ киім, бәтеңке не биік өкшелі аяқ киіммен үйлестіріп кие аласыз.

  1. Көлемді әшекейлер

990d5e262a121505902a7528d27f7111

Көлемді сырғалар, тастар мен кристаллдар. Егер былтырғы маусымда жай ғана көлемді әшекейлер сәнде болса, биыл өте көлемді әшекейлер сәнге енбек. Сырға, алқа, түйреуіш, салпыншақ, білезіктер. Бұл маусымда, әсіресе, геометриялық пішіндегі әшекейлерге баса назар аударған жөн. Ал әшекей жасалған материал таңдауына келсек, металлдан бастап, кәдімгі тасқа дейін кез-келгенін алуыңызға болады.

 

Талқылау