Күйші Нұржан Тәжікенов Голливудта киноға түсті
Күйші Нұржан Тәжікенов Әміре Қашаубаев туралы фильмге түсті. Голливуд пен «Қазақфильм» бірлесіп түсірген кинокартина АҚШ-та таспаланған.
Бұл туралы Zhuldyz.tv арнасына сілтеме жасай отырып Stan.kz хабарлайды.
2016 жыл «Есентай production» ортылығы үшін сәтсіз жыл болды. Оған продюсерлік орталықтың басшысы Баян Есентаеваның басынан өткен жағдай себеп болып отыр. Бұл жағдай, әрине, продюсерлік орталықтағы өнерпаздарға да кері ықпалын тигізген.
«Мен жалғыз азамат болдым. Одан кейін «Алау» тобы келді, 4 інім, қазір бесеуміз. 2016 жылы неге көрінбей кеттіңіз деп тыңдармандарым, көрермендерім сұрап жатыр. Оның себебін білесіздер. 2016 жыл «Есентай» ұжымы үшін қиын-қыстау кезең болды. Аллаға шүкір, оның бәрінен өттік. 2017 жылы бізді үлкен жұмыстар күтіп тұр.
Голливудта киноға түстік. Екі ай көлемінде сол жақта болдым. Бұйырса ЭКСПО кезінде тұсауы кесіледі. Әміре Қашаубаев атамыздың киносын голливудтықтар «Қазақфильммен» бірлесе отырып түсірді.
Ол жақта қазақтардан бөлек, өзге ұлттың өкілдері домбыраға қатты қызықты. Біз барымызды салдық. Қазақтың өнерлі халық екенін көрсеттік», – дейді Тәжікенов.
Одан кейін күйші жігіт алдағы жоспарларымен бөлісті.
«Күй атасы Құрманғазының «Адай» күйін ЭКСПО-ға экспорттайын деп жатырмын. Қысқаметражды кино есебінде бейнебаян түсіріледі», – деп түйіндеді сөзін Нұржан.
Айта кетейік, Баян Есентаеваның талантты «ұлын» көпшілік «Turkvizyon-2014» байқауынан кейін таныды. Естеріңізде болса, Нұржан Тәжікенов Жанар Дұғалованың әнін домбырамен сүйемелдеді. Ал жаңаша әрленген «Ізін көрем» туындысы Жанарға халықаралық байқауда жеңіс алып келді.
Жіберіп алмаңыз:
Дарико Хасанғалиева мен Гүлзира Айдарбекова жұрттан алған ең бағалы сыйлықтарын көрсетті (фото)
Баян Есентаева жұртқа жаңа қайын әпкелерін көрсетті (фото)
Бүркіт әкесінің 80 жасқа толуын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Шымкенттік кәсіпкер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдап кетті деп айыптады: Бұл оқиға немен аяқталды?
