Күйеуінің көңілдесі барын білген әйел 45 кг салмақ жоғалтқан (фото)
Хьюстон қаласының 34 жастағы тұрғыны Бетси Айала жүктілік кезінде артық салмақ жинап алған екен. Оның жалпы салмағы – 119 кг. Алайда ол күйеуі мен оның ашынасы өзін семіз сиырға теңегенін білген соң 45 кг салмақ жоғалтқан.
Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы хабарлайды.
Бетси байқаусызда күйеуінің ашынасына жазған хатын оқып қалады. Аталған хатта олар Бетсиді семіз сиырға теңеген екен. Осыдан кейін әйел арықтауға өзіне уәде береді. Аптасына алты рет жаттығу залына барады. “Дәл сол сәтте не істерімді білмей қалдым. 6 айдың ішінде салмағым 90 килограмға дейін жетті. Бір шетінен күйеуім мен оның ашынасының сол хатын оқып қойғаныма қуанамын.
Әйтпесе, мен ешуақытта бұлай арықтай алмайтын едім. Өзімді сиырға теңеп жатқан соң, намысқа тырысқаным рас. Бұл оқиға менің өмірімді түбегейлі өзгертіп жіберді. Жаттығу барысында қатты қиналдым. Айқайлап, лағнет айтқан күндерім болды. Қызымның мені мақтан тұтқанын қаладым. Мен бала күнімнен семіз болдым. Алғашқы диетаны 13 жасымда ұстадым”, – дейді Бетси.
Колледж кезінде Бетсидің салмағы 95 килограмға жеткен. Ол қызы Изабеллаға жүкті болған кезде тағы да артық салмақ жинап алған. “Қызыма жүкті кезімде қатты толып кеттім. Күйеуіммен 14 жылға созылған қарым-қатынасымыз да бұзыла бастады. Босанған соң депрессияға түстім. Көптеген ұйқысыз түндер өткіздім”, – дейді ол.
Бетси 2013 жылы 27 килограмм салмақтан арылған. Бұдан кейін күйеуінің опасыздық жасап жүргенін білген кезде қатты арықтап кеткен. Ол қазіргі күйеуімен алғаш рет 17 жасында танысқан екен. Көп жылдан бері бірге болып келе жатқандықтан, ол көзіне шөп салады деп күтпеген-ді.
“Жан-дүнием құлазып кетті. Facebook желісінен әріптесіне жазған хаттарын оқып қалдым. Олар мені семіз сиырға теңеген екен. Күйеуім үнемі менің сұлу екенімді, менің майлы тәнімді жақсы көретінін айтатын. Күйеуіммен ажырасып кетсем де, мен оны кешірдім”, – дейді Бетси.
Өзіне жасалған опасыздықтан кейін әйел әпкесімен бірге Zumba биімен айналысқан. Осылайша аз уақыт ішінде көп салмақ жоғалтқан.
Жіберіп алмаңыз:
Түркияда маңдайында жүрекше қалы бар сәби дүниеге келді (фото)
Шетелдік ғалым Марстан түкті маймыл-өрмекшіні байқап қалған
Бір топ жігіт Ақшақар болып киінген қызтекені сабап тастады (видео)
Дәрігерлер өлімге қиған әйел қатерлі ісіктен 6 апта ішінде жазылған (фото)