Соңғы жаңалықтар

Күйеуің ұсқынсыз: Гүлзира Айдарбекова намысына тиген оқырманын орнына қойды

Гүлзира Айдарбекова желідегі оқырмандарымен кері байланысқа шығып, сыни пікірлерге жауап беретін санаулы танымалдардың қатарында. Қайрат Нұртастың анасы әсіресе, отбасына қатысты жағымсыз сөз жазғандармен күресіп келеді. Бұл жолы ол жары Нұртас Айдарбековке тіл тигізген оқырманына жауап берген, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Күйеуің ұсқынсыз: Гүлзира Айдарбекова намысына тиген оқырманын орнына қойды

Зайыбымен түскен кезекті фотосын желіге жүктейтін кезде Айдарбекова құлаққа түрпідей тиетін сөз естимін деп ойламады.

“Күліп жүрейік! Арқа сүйер асқар тауымыз аман болсын!” – деп көңілді нотада жазба қалдырған Айдарбекованың бір сәтте көңілі түсіп кетті.

Себебі Гүлназ есімді желі қолданушысы Айдарбековаға күйеуінің ұсқынсыз әрі қорқынышты екенін жазған.
Негізсіз сынға Гүлзира Үсенқызының берген жауабы мынадай:

“Гүлназ жаным сол, осындай күйеуің болмаған соң шығар, іштегі өртің мен дертіңді шығарып, өзіңді жұбатып отырғаның тиісіп. Менің көзіммен, Нұрекеңнен асқан сұлу азамат жоқ. Сен ренжіме”.

Күйеуің ұсқынсыз: Гүлзира Айдарбекова намысына тиген оқырманын орнына қойды

Өзге оқырмандар болса продюсерді қолдап, іші тар жандардың сөзіне мән бермеуге шақырды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр