Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуім көзіме шөп салды. Ділназ Ахмадиева алғаш рет ажырасуы жайында айтып берді

Осыдан бір жыл бұрын танымал әнші Ділназ Ахмадиева өзінен бірнеше жас кіші күйеуімен ажырасып кетті. Ел арасында бұл туралы түрлі әңгімелер өрбіді. Алайда әнші сол күйі өмірлік жолдасынан бас тартуының себебін айтпаған болатын. Ахмадиева 31 телеарнаның «Ұят емес» бағдарламасына қатысып, алғаш рет күйеуінің өзіне опасыздық жасағанын мойындады.

ahmadievy

Ділназ бен Ахмадтың балалары жоқ. Оған қоса Ахмадиеваның ата-анасы бала кезінде ажырасып кеткен. Тележүргізуші әншінің күйеуімен ажырасуына дәл осы факторлар әсер еткен болуы мүмкін деп тошылады. Алайда әнші оны түбегейлі жоққа шығарды.

«Ол маған: «Балаларымыз болмай-ақ та қойсын. Екеуміз бірге болсақ болды. Баланы асырап алсақ та болады» деп айтқан. Жалпы оған сеніп, мінсіз өмірді қиялдаған өзім айыптымын. Мен сияқты әйел алуға қорықпаған ер адамның бейнесін қиялымда бейнелеп алған өзім кінәлі. Үнемі гастролдетіп, қарапайым әйелмен салыстырғанда үйде жиі болмайтын әйелді қабылдаған ер адамды мінсіз санадым. Гастролден келген уақытта үнемі жақсы әйел болуға тырыстым. Яғни жолда келе жатып үйге барған соң қандай ас әзірлейтінімді, оны қалай ұсынатынмды ойлайтынмын. Ол үшін тамақ әзірлегенді жақсы көретінмін. Ол да мен әзірлейтін тағамдарды сүйсініп жейтін. Меніңше, екеуміз де қателестік. Екеуміз бір бірімізге сай емеспіз.

Меніңше, оның маған деген сезімі сөніп қалды, ол басқаны сүйіп қалды. Оның мені жақсы көрмейтінін түсінген кезде оның пікірін сұрап жатпадым. Себебі бір уақытта бірнеше адамды жақсы көру мүмкін емес. Бәрі айдан анық көрініп тұрған кезде ұрысып, жаман сөздер айтудың қажеті не?» – деді Ахмадиева.

Ол уақытта Ділназ Ахмадиева 4 жыл бойы әзірлеген альбомын жарыққа шығарды. Алайда Ахмадиеваның жұбайы оған мүлдем қызығушылық танытпаған. Ал жылдар бойы әзірлеген еңбегінің күйеуі үшін түкке тұрмайтынын түсінген кезде әнші араларынан қара мысықтың өткенін түсінген. Оған қоса, бірнеше танысы жұбайының басқа әйелмен жүріп жүргенін айтқан. Ахмадиева ондайларға біраз уақыт бойы сенбей жүргендігін жеткізді.

«Алғашқыда біреулерден естідім. Оларға сенбедім. Өйткені ел арасында мен туралы әртүрлі әңгімелер өріп жүр. Олардың бәріне сене бергенім дұрыс емес шығар дедім. Бірақ бұл жайтты 1 емес, 4-5 танысым айтып келген кезде ойланып қалдым. Иә, ол менің көзіме шөп салды. Айта кететін нәрсе, мұны ескерткен таныстарым да болды. «Басқа не күтіп едің? Сен үйде болмайсың. Ол жас әрі тартымды еркек» деп айтқандар көп болды”, – дейді әнші.

Ділназ Ахмадиева өзіне жасалған сатқындықтың кесірінен ұзақ уақыт бойы жылағанын айтты. Оған себеп 5 жыл бойы бір шаңырақтың астында тұрған азаматының опасыздығы да емес. Бұрынғы жұбайы әншінің денсаулығына қатысты ақпаратты көңілдесіне жайып салған. Дәл осы жайт Ахмадиеваның жанын жаралаған.

Күйеуімен отасқаннан кейін арада үш ай өткен соң бала көтерген Ахмадиева ақырында одан айырылып қалады. Ота жасатып, түтікшесін алдырып тастауға мәжбүр болады. Содан кейін әнші бала көтере алмаған. Ал оның денсаулығындағы бұл ақауын Ахмад ашынасына айтып берген көрінеді.

“Егер мені жақсы көрсең бірге болайық. Ділназды тастап кет” деген көңілдесіне менің күйеуім: “Оны қалай тастаймын? Жасы 35-те, бала да көтере алмайды. Кішкене шыдай тұр”, – деп жауап берген”, – дейді әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Қарақат жұбайына тоқал іздеуі туралы бар шындықты айтып берді

Таиландта демалған Джуринская трансвеститтер шоуына барған (фото, видео)

Бет-аузы көгерген Айгүл Иманбаева жанкүйерлерін шошытып алды

«Қап-қара» баламен суретке түскен Сәкен Майғазиев көпшілікті сүйсінтті

Талқылау