AAPL
145.37 $
-1.05 %
TSLA
791.36 $
2.19 %
NDAQ
195.78 $
-0.51 %
GOOGL
2821.44 $
-0.8 %
FB
353.58 $
0.18 %
FRHC
64.3 $
-0.36 %
AAPL
145.37 $
-1.05 %
TSLA
791.36 $
2.19 %
NDAQ
195.78 $
-0.51 %
GOOGL
2821.44 $
-0.8 %
FB
353.58 $
0.18 %
FRHC
64.3 $
-0.36 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуі мен ұлынан айырылған қазақ әжей әлемнің 64 елін аралап үлгерген

74 жастағы Раиса әжей “әдемі қартаю” тақырыбында ойымен бөлісті. Жасы біразға келген кейуана немере де бағу керек, өзіңе де қарау керек деген пікірді ұстанады. 7-арнаның “Өз ойым” бағдарламасына келген әжей осы уақытқа дейін әлемнің 64 елін аралап үлгергенінн айтты, деп жазады Stan.kz.

Күйеуі мен ұлынан айырылған қазақ әжей әлемнің 64 елін аралап үлгерген

Самайын ақ басқан әжейдің осы уақытқа дейін көрмегені жоқ. Кейуана күйеуі мен ұлын жер қойнына тапсырып үлгерген. Қарақшылардан қысым көрген кездері де болған.

“Көргенім көп. Күйеуімді де, ұлымды да жерледім. Қайта құру жылдарын бастан өткердім, 90-жылдар мен үшін ауырға соқты. Бизнеске бет бұрдым, рекетті де көрдім. Жендеттердің шекеме пистолет тақаған кездері де болды. Осының барлығы шашымды ағартты”, – дейді Раиса ханым.

Алайда соған қарамастан, ол өмірден түңіліп кетпеген. Бүгінде кейуана бар уақытын спорт пен саяхатқа арнайды. Немерелеріне де уақыт бөлетінін айтады.

“Қазір демаламын. Әлемді аралаймын. Осы уақытқа дейін 64 елді аралап үлгердім. Желілік бизнеспен айналысамын. Былтыр ғана бастадым. Круизге шығамын, жақында ғана келдім. Өзім үшін өмір сүремін. Спортпен, йогамен, жүзумен айналысамын. Немерелеріме де уақыт бөлемін, салонға да барып үлгеремін”, – дейді ол.

Өмірге құштар Раиса ханым 150 жасқа дейін өмір сүргісі келетінін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр