Күйеуі 52 жыл отасқан жары қайтыс болғанын естіген соң өзі де өмірмен қоштасқан (фото)
Жаңа Зеландияда егде жастағы ерлі зайыпты Роберт пен Ивонна Стикленд бірінен соң бірі 8 сағат айырмашылықпен көз жұмды.
Олар 1961 жылы Ниуэ аралында кездескен. Роберт ол кезде 23 жаста, ал Ивонна 18 жаста болған. Роберт әйеліне бір көргеннен ғашық болыпты. Ивонна мотоциклмен Роберттің жанынан өтіп кетеді. Роберт осы кезде бойжеткеннің сұлу жүзіне ғашық болады. Ивонна европалықтармен араласпайтын болғандықтан бастапқыда Робертке назар салмайды. Сол үшін де бірінші кездесу кезінде жылап қалған көрінеді.
Олар қыз бен жігіт болып екі жыл кездесіп жүреді. 1963 жылы үйленіп, той жасауға бекінеді. Олардың тойы сол аралда өткен.
«Содан бері олар бір бірінен айырылғысы келмейтін», – дейді ұлы Рассел. Ерлі зайыптының екі ұлы мен екі қызы бар. 1970 жылы отбасы Оклендке көшіп кеткен.
2015 жылы Роберт қатерлі ісік дертіне шалдығады. Бір жылдан кейін бұл дерт Ивоннадан табылады. Соңғы кездері екеуі де төсек тартып жатып қалған.
Ивонна бұл өмірден жолдасынан бұрын кеткен. Әйелінің өлімін есіткен Роберт қайғыдан қан жұтып, қатты жылайды. Балалары әкесін мүгедектер арбасымен анасының қасына апарады. Роберт жарының маңдайы мен ернінен сүйіп, қоштасады. Осыдан соң көп ұзамай өзі де көз жұмады.
Тағы да оқыңыз:
70 жыл бірге тұрған ерлі-зайыпты екі жақта жатып бір сәтте көз жұмды
70 жыл отасқан ерлі-зайыптылар қол ұстасқан күйі өмірден озды
Айықпас дертке шалдыққан күйеужігіт үйленгеннен кейін 36 сағаттан соң көз жұмды (видео)