Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күн сайын көлік ауыстыратын Ақылбек Жеменейдің өтірігі әшкере болды

Ақылбек Жеменей желіде қымбат маркалы әрі мемлекеттік нөмірдегі көліктермен түскен суретін жиі жариялады. Алайда өнер иесі “тізгіндеген темір” тұлпарлардың тоқсан тоғыз пайызы өзінікі болмай шықты. “Қызыл өрікпен” өнерде өрлеген жігіттің өтірігі әшкере болды.

Ақылбек Жеменей

Бұл туралы Hit-Tv арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Айға қарап ән айтқан әншінің аудиториясы ауқымды. “Қызыл өрікті” қиқулата салды, соңы хитке айналып, айдарынан жел есіп, арманына жетті. Әрине, тойға деген тапсырыс пен табыс көлемін айтпағанда. Қазір жігіт ағасының әлеуметтік желідегі парақшасында қымбат мемлекеттік номердегі көлік мінген суреті де қаптап жүр. Оқырмандары мен өнердегі әріптестері Ақылбекке қызыға да, қызғана да қарайды. Алайда бұл автокөліктердің 99 пайызы Ақылбектің мүлкі емес екені белгілі болды.

“Жігітті тұлпарынан байқайсың дегенді қазақ баяғыда айтып кеткен. Желіге көліктерге байланысты жалған ақпарат анда-санда саламын. Соның ішінде әлеуметтік желідегі парақшама ұнаған мемлекеттік номерлермен, қымбат көліктердің суретін салып тұрамын. Барлығы менікі емес. Басым бөлігі бақуатты ағаларымдікі. Байып кеткен жоқпын. Бір көлік пен жалғыз әйелдің иесімін. Сондықтан парақшамдағы суреттердің ішіндегі 99 пайыз көлік менікі емес. Тағы бір “Қызыл өрік” секілді хит ән шықса, мініп те қалармын қалағанымды”, – дейді Ақылбек.

Соңғы кездері көк жәшіктен көрінбей кеткен әнші шығармашылық тоқырауда жүр. Бұған қарамастан әл-ауқаты әлі де болса әлсіремеген. Келісті ән, хит болары хаһ болса сатып алу үшін тіпті 40 мың долларын аямайтынын алға тартты.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр