Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Күдікті Құдайбергенов Денис жайлы: Аспанға ең керемет періште кетті
Денис Тен өліміне күдіктілер сотта соңғы сөзін айтты. Үш күдікті де ісіне өкінетінін айтып, Оксана Тен мен қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: Tengrinews.kz
Сотта бірінші болып Жанар Толыбаева соңғы сөзін айтты.
“Мен Денистің анасынан тағы да кешірім сұраймын. Бұл орны толмас өкініш. Бұған дейінгі айтқан ойымда қалам. Ана ретінде Оксана Тенді жақсы түсінем. Бірақ менің де жағдайма қарауды сұраймын. Бір емес, екі баламды ескерсеңіздер. Сот әділ шешім шығарады деп ойлаймын”, – деді Толыбаева.
Екінші болып сөз алған Қиясов барша халықтан кешірім сұрай отыра, әділ жаза беруін өтінді.
“Мен барша Қазақстан халқынан кешірім сұраймын. Бұл тапсырыс бойынша, ақша үшін болған жағдай емес. Ата-анам менен ақша алған емес. Олардың өз дүниесі өздерінікі. Мені жаман жолға түссін деп ешқашан ойламаған. Мен ауыр қылмыс жасадым деп ойламаймын. Адам өлтіреміз деп ойлаған жоқпыз. Бірақ Денистің қаза болуына себепші болып отырмыз. Ол үшін қатты өкінем. Денистің анасынан сол үшін кешірім сұраймын. Адвокатымның сөзіне қосылам. Сотта әділ жаза сұраймын”, – деді Қиясов.
Ал, күдікті Құдайбергенов орыс тілін жауап беуге рұқсат сұрады.
“Мен де барлығынын кешірім өтінем. Осындай жағдайға тап келем, адам өліміне себепші болам деп ойлаған емеспін. Ісіме өкінемін. Анасының Денисті бала кезінен шыңдап, осындай жетістікке жеткізгісі келгенін білем. Қазақстанның мақтанышынан айырылғанымыз үшін өкінем. Аспанға ең керемет перішке кетті. Бар ісіме өкініп, кешірім өтінем”, – деді ол.
Сот шешімі 17 қаңтар күні шығады.
Айта кетсек, бүгін өтіп жатқан сот жарыс сөзінде мемлекеттік айыптаушы аталған іс бойынша өтіп жатқан Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал Жанар Толыбаеваға 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрап отыр.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
