Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Jýsan Bank: "Цеснабанктің" атауы өзгерді

«Цеснабанк» басшылығы банк атауының өзгертілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарата агенттігі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Банктің жаңа атауы - First Heartland Jýsan Bank. Ал бөлшектік бренді - Jýsan Bank.

«Бәріміз жусанның көктемгі хош иісі – ұлы даланың жаңғыруы мен жаңаруының нышаны екенін білеміз. Әлбетте, бұл біздің отанымыздың иісі, ол дәуірлердің өткенін, бүгінін және болашағын жалғастырады. Біздің банктің латын қарпімен жазулы қазақша жаңа атауы - Jýsan Bank біздің құндылықтарымызды: тұтастығымыз бен ілгері дамуымызды білдіреді», - дейді басқарма төрағасы Бекжан Пірматов.

Ребрендинг туралы шешім Банктің жаңа бизнес стратегиясының шеңберінде қабылданды және 2019 жылдың ағымында сыртқы жарнама нышандары кезең-кезіңімен өзгертіліп, Jýsan Bank атауымен және белгісімен жаңа банктік өнімдер және басқа да құралдар енгізілетін болады. Бұл ретте клиенттерге банк қызметіне байланысты құжаттарға қандай да бір өзгертулер енгізу, карталарды қайта шығару және шарттарға қайта қол қою сияқты мәселелер жөнінде алаңдаудың қажеті жоқ.

«Банк атауының Jýsan Bank деп өзгертілуі, біздің команда үшін, сондай-ақ біздің клиенттеріміз үшін де біздің барлық жаңа өніміміз бен қызметіміз инновациялық және ыңғайлы болуы үшін ілгерілейтін позитивті жағдай болып табылады. Jýsan Bank-те өз шаңырағыңыздағыдай бәрінің жайлы да сенімді болғанын қалаймыз», - дейді басқарма төрағасы.
 

Талқылау