Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Jýsan Bank АТФБанкті сатып алады

Jýsan Bank ("Жусан банк") АТФБанк акцияларының 99,76 пайызын сатып алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Jýsan Bank және АТФБанк акционері Ғ. Есенов АТФБанк акцияларының 99,76 пайызын Jýsan Bank-ке  сатып алу туралы алдын ала келісімге келді. Қол қойылған келісім шеңберінде 2020 жылғы қарашада Тараптар АТФБанктің акцияларын сатып алу-сату шартын жасасуға ниетті. Сатып алу-сату шартына қол қойғаннан , сондай-ақ оны қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігі мақұлдағаннан кейін АТФБанктің қазіргі акционері Jýsan Bank қосымша эмиссиясы шеңберінде банктің Jýsan акцияларының бір бөлігін сатып алады", - делінген Jýsan Bank баспасөз қызметінің хабарламасында.

Банк трансформация барысында АТФБанктің барлық қызметтері стандартты режимде жұмысын жалғастыратынын, "бұл клиенттерге АТФБанктің қолданыстағы қызметтерін толық көлемде сақтауға және қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін" атап өтті.

"Jýsan Bank First Heartland Securities инвестициялық компаниясының еншілес ұйымы болып табылады. Jýsan Bank дәстүрлі банк сервистерінің кең желісімен қатар, Jýsan қаржы тобы компанияларының өнімдері мен қызметтерін дамытуда: Jýsan Invest брокерлік қызметтерін және Jýsan Garant сақтандыру қызметтерін біріктіретін экожүйесі.

АТФБанк Қазақстанның ірі банктерінің қатарына кіреді. АТФБанк өзінің 25 жылдық тарихында бүкіл Қазақстан бойынша Private Banking клиенттері мен корпоративтік сектор үшін банктік қызметтердің толық спектрін ұсына отырып, әмбебап профильді дамытуда", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 02 Қараша, 2020 18:20
Талқылау