Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

IT саласында біліміңді жетілдір: Jusan Singularity екі апталық тегін онлайн интенсив өткізеді

IT саласында білімін жетілдіріп, біліктілігін арттырғысы келетін 1000 қазақстандық екі аптаға созылатын онлайн интенсив барысында тегін білім ала алады. Осындай мүмкіндікті қазақстандықтарға Jusan ұсынып отыр.  

19 қыркүйекте Нұр-Сұлтандағы Jusan Singularity IT мектебінде JAVA бағдарламалау тілінің негіздері бойынша екі апталық тегін онлайн курс басталады.  Оқу бағдарламасы финтех пен ІТ алпауыттарының жеке білім беру тәжірибелеріне сүйене отырып, оқытудың ең озық әдістерін қолдану арқылы дайындалған. Оқытушылар мен менторлар командасы ІТ саласында жоғары сұранысқа ие білікті мамандардан құралған.

Курс студенттердің белсенді болуын талап етеді, өйткені әрбір лекция бойынша тапсырмалар беріліп, апта сайын емтихан өткізілетін болады. Тапсырмаларды орындау барысында олар бір-біріне көмектесіп, сұрақтарды бірлесіп шешуі қажет. Осылайша әрбір студенттің командада жұмыс жасау деңгейі мен білімі шыңдалады.

“Тек Қазақстанда ғана емес, жалпы әлемде бағдарламалаушылар мен IT мамандарына деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. Jusan Singularity мектебі осы мәселені шешуге және білікті кадрларды даярлауға атсалысып отыр. Білім – ең басты капитал екенін ешкім жоққа шығармайды, сондықтан мұндай жобаның әлеуеті жоғары”, – дейді Jusan Singularity жобасының басшысы Анар Садықова. 

Алған білімін IT бағытында шыңдап, білікті маман атанғысы келетін интенсив түлектері ары қарай жетілдірілген JAVA, iOS, Android, Frontend және DevOps бағдарламалары бойынша ақылы курсқа жазыла алады. Алты айға дейін созылатын оқу студенттерге ыңғайлы болуы үшін онлайн және офлайн форматында өтеді. Курс ақысын Jusan дүкенінде бөліп төлеуге алу да қарастырылған. 

Екі апталық тегін онлайн интенсивке мына сілтеме арқылы жазылуға болады. 

IT мектепте мұндай тегін сабақтарды жүйелі түрде ұйымдастырып тұру жоспарланғанын жеткізді. Мүмкіндіктерден қапы қалмау үшін Jusan Singularity жобасының Instagram және Telegram парақшаларына жазылуға кеңес береміз.

Еске салсақ, жыл басында Jusan Алматы мен Нұр-Сұлтанда IT мамандар дайындайтын мектеп ұйымдастырған болатын. Білім беру жобасына екі қаладан 3000-нан астам үміткер қызығушылық танытып, сынақтардан сүрінбей өткен жүзден жүйрік 150-дей студент IT мектепте тегін білім алып, Jusan-ға жұмысқа қабылданды. 

ҚР  ҚНРДА берген 07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензия

Талқылау