Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Jusan командасы бірінші GREEN BRANDS-2022 эко-марафонында үздік деп танылды

Бүгінгі таңда экология мәселесі мен қоршаған ортаға қамқорлық жасау өте маңызды, сондықтан түрлі компаниялар осы саладағы жобаларға көбірек көңіл бөліп, халықаралық стандарттарды енгізуде. GREEN BRANDS-2022 экомарафонының мақсаты да осы сипатта ұйымдарға қоршаған ортаға қамқорлықпен қарап үйрену қағидаттарын ұстануды үйрету болды.

Жусан

Марафон қосымша арқылы ұйымдастырылды. ECO Network мобильді қосымшасында жұмыс жасаудың артықшылығы – тұтынушы тапсырмалар арқылы өзінің пайдаланған өнімдерін біртіндеп  тұрақты түрде қадағалап отырады. Ең маңыздысы – алған дағдысын жүйелі түрде қайталап отыру.

Командалық жарыстар ойын форматында өтті. Қатысушылар макулатура, пластик және темір қалдықтарын сұрыптауды, қолданысқа бірнеше рет жарайтын ыдысты таңдауды, қоқысты аптасына қанша рет және қандай көлемде тастауды талдап үйренді. Тапсырмалар мен оларды орындағаны үшін ұпайлар командалық есепте де, жеке есепте де мобильді қосымшада тіркеліп отырады.

Жеңімпаз команда - Jusan Bank атынан 33 адам қатысты, ол ең үлкен команда деп танылды. Әрине, бұл таңқаларлық дүние емес. Конкурс форматы белсенді түрде ESG стандарттарын енгізіп жатқан банк концепциясына сәйкес келеді.

«Біз әлемдік компаниялардың жоғары жетістікті тәжірибелерін зерделеп, бүгінгі таңда оларды өз форматымызға бейімдедік. Қызметкерлерді оқытамыз және ECO Network әзірлеген Жасыл офис жобасын енгізу ойда бар. Біз марафонға қатысуға алғашқы болып ниет білдіргендер қатарындамыз. Дұрыс менеджмент құра білу жақсы, бірақ көп нәрсе қызметкерлерге де байланысты, сондықтан біз марафонға үлкен ынтамен атсалыстық», - деп атап өтті Jusan Bank-тің маркетинг жөніндегі Басқарушы директоры Олегжан Бекетаев.

Марафонға қатысқан төрт аптада қалыптасқан әдеттерді банк қызметкерлері өмірде белсенді қолдануға ниетті. Жеке сынақта байқау жеңімпазы және Jusan командасының мүшесі Наталья Аксентьева енді ол қайталама шикізатты қабылдайтын қаладағы барлық орындарды біледі, ал сатып алу кезінде өнімнің бағасы мен дәміне ғана емес, оның қаптамасына да назар аударады.

«Бәрі әдетке айнала бастады. Марафон барысында пластикалық қаптамалардың барлық түрі қайта өңделмейтінін білдім. Сондықтан маркироваларды зерттей бастадым. Сондай-ақ, қалдықтарды сұрыптау маған қоқыс көлемін азайтуға көмектесті. Мысалы, мен барлық қолданылған темір және пластикалық пакеттерді дереу жуып, арнайы орынға қоямын, өйткені олар таза түрде қабылданады», – дейді Наталья Аксентьева. 

Наталья 6 жыл бойы лампаларды жинап, олармен не істеу керектігін білмегенін айтты. Марафонға қатысудың арқасында ол осындай қалдықтарды қабылдау орнын тауып, сол жерге тапсырған. Марафон жеңімпаздары ұйымдастырушылардан жүлделер мен сыйлықтар алды. Тағы бір сыйлық – қалалық велосипед, Натальяға оны Jusan берді. Банк өз қызметкерлерін экологиялық таза болуға шақырып қана қоймай, ынталандырады және қолдау көрсетеді.

Талқылау