Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Jusan картасымен ақшаң еселенеді

Төлем карталары туралы бәрін білетін сияқтымыз. Ақшаны алу, салу, саудаға төлем жасау – қарапайым және бұрыннан белгілі функционал. Алайда, Jusan картасының жаңа мүмкіндіктері бар!

Егер ойлансаңыз, жапырақтай картаның мүмкіндігі сан түрлі: бұл жерде сіздің еңбегіңіз бен біліктілігіңіздің ақысы, еңбек демалысына жоспарлар және денсаулыққа жұмсалатын қаражат, ақшаға сатып алуға болатынның бәрі бар! Алайда Jusan Bank ұсынған пластик – бұл сонымен қатар жұмсалған қаражаттан пайда табу мүмкіндігі!

КІРІСТЕР

Jusan төлем картасы көмегімен онлайн-сатып алуларды тек шығын деп ойламаңыз! Нарық үшін таңсық емес бонустық кэшбектен басқа, автоматты түрде ұтылыссыз ойын қатысушысы атанасыз және сатып алу көмегімен өзіңіздің "ойын деңгейіңізді" арттырып қана қоймай, бонус пайыздарын да арттыра аласыз!

Бұл ойында барлығы үш деңгей бар Silver, Gold және Premium, сондай-ақ 9 "локация" қарастырылған (сатып алу санаттары): тамақ, киім, сұлулық салондары және косметика, кино және онлайн музыка, фитнес және SPA, жиһаз, ойын сервистері, медицина қызметтері, саяхат.

"Сатып алулар санаты" өзіңізге ұнайтын заттарды, қызметтерді сатып алып, ол үшін жоғары бонус алу (санатына қарай бонус пайызы 5-тен 15-ке дейін) мүмкіндігін береді!

Silver деңгейі "жаңадан келгендерге" арналған, сізге бар болғаны Jusan мобильді қосымшасындағы "Менің банкім" бөліміндегі бонустарға қосылсаңыз болғаны. Сіз ол үшін әр саудадан 0,5% алып,  мобильді қосымшада "Сатып алу санаттарының" бірін таңдай аласыз.

Gold деңгейі ай сайын 30 000 теңгеден артық жұмсағанда қолжетімді. Бұл деңгейде стандартты бонустарыңыз 1% тең, екі "Сатып алу санатын" таңдау қолжетімді. 

Premium деңгейіне жету үшін, сізге "босс" болу қажет!  Jusan Invest брокерлік шоты немесе Jusan Garant сақтандыруы болуы талап етіледі, ал бір айдағы шығындар 70 000 теңгеден асу керек. Осы деңгейде бонустар 2% құрайды және 4 "Сатып алу санатын" таңдау қолжетімді.

МЫҢ ГБ-ЛЫҚ  ЖОЛ

Jusan Bank картасы дегеніміз – Банк клиенттері үшін ерекше экожүйені құрайтын Jusan "еліне" саяхат. Бұл саяхаттың алғашқы қадамының өзі – онлайн! Jusan төлем картасын мобильді қосымша арқылы аша аласыз және оны курьер қызметі арқылы үйіңізге (немесе офиске) тегін жеткізіп береді. 
Ол үйде отыра беру керек дегенді білдірмейді! Карта үш түрлі валютада: KZT, USD, EUR шығарылады, ал егер бағытыңыз кең ауқымды қамтитын болса, мобильді қосымша арқылы картаға басқа да 18 валютаны қосуға болады. 
Сондай-ақ "ассортиментте" төлем тәсілдері де ұсынылады:  Apple Pay және Samsung Pay.

Jusan картасы көмегімен сіздің шынайы саяхатыңызды (және саудаларыңызды) бұрыннан қолданыстағы кэшпен де жасауға болады : Jusan Bank банкоматтарынан айына 1 000 000 теңгеге дейін және ҚР басқа банктерінің банкоматтарынан 500 000 теңгеге дейін комиссиясыз қолма-қол ақша алу қолжетімді. 

ЖОЛДАҒЫ БЕЛГІЛЕР

Jusan "елінің" картасы нақты, толық, "игі істерге" толы болып келеді. Мобильді қосымша арқылы негізгі банк өнімдеріне қолжетімділікке (төлемдер, аударымдар, онлайнкредит беру, автокөлікті сақтандыру), баланы және оның шығындарын бақылау (Jusan Junior картасы көмегімен) қызметіне ие боласыз. 

Карта ұстаушысы сондай-ақ, қаржы әлемінің "толықтырылған әлемімен" танысу мүмкіндігіне ие болады, мобильді қосымша арқылы өзіңізді инвестор ретінде сезініңіз (алдын ала деңгейлі оқумен).

Жайлы әрі қауіпсіз онлайн-шопингке арналған платформа - Jmart ерекше вояж және "экскурсияға" лайықты. Jmart-та барлығы дерлік қамтылған: азық-түлік және дайын ас, дәрі және медицина қызметтері, кеңсе тауарлары мен кәсіби онлайн-семинарлар, кемпингке арналған тауарлар мен саяхатты брондау! Jmart кез келген масштаб және қажеттілікке жарайды.  

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ

Jusan төлем картасы Jusan экожүйесіне билет тәрізді, бізге аса қажетті күн сайынғы қозғалыс еркіндігін, стандарттан тыс бағыттар мен жаңаша көзқарасты сыйлайды. Бұл расында жаңа өмір картасы!

Талқылау