Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Jusan Bank-тің директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

2022 жылғы 29 сәуірде Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен "Jusan Bank" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. 

Жусан

2022 жылғы 29 сәуірден бастап "Jusan Bank"  АҚ Директорлар кеңесіне бес адам кіреді: 

- Шигео Катсу, "Jusan Bank" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

- Евгений Пан, "Jusan Bank" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі,

Директорлар кеңесінің үш жаңа мүшесін қоса алғанда: 

- Нұрдәулет Айдосов, "Jusan Bank" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі,

- Санжар Жамалов, Директорлар кеңесінің мүшесі, "Jusan Bank" АҚ тәуелсіз директоры,

- Джованни Капаннелли (Giovanni Capannelli), Директорлар кеңесінің мүшесі, "Jusan Bank" АҚ тәуелсіз директоры.

Нұрдәулет Айдосовтың қазақстандық және халықаралық қаржы ұйымдарында 14 жылдан асатын жұмыс тәжірибесі бар. Кәсіби құзыреттіліктері банктік, инвестициялық және кастодиандық басқару салаларын қамтиды. Еңбек өтілі инвестициялық және банктік құрылымдардағы, оның ішінде: "HSBC Bank Kazakhstan" АҚ ЕБ, "VISOR Capital" АҚ, "First Heartland Bank" АҚ, "Jusan Invest" АҚ-тағы түрлі позицияларды қамтиды.  2022 жылдың наурыз айынан бастап "Jusan Bank" АҚ Басқарма төрағасы лауазымын атқаруда.

ҚМЭБТ-да іскерлік әкімшілендіру бакалавры, Warwick Business School-да (Ұлыбритания) МВА дәрежесін, сондай-ақ "Тұран" университетінде құқықтану бакалавры дәрежесін алған. Қазақстан Республикасы қаржы секторының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін "Еңбек сіңірген қаржыгер" қоғамдық орденімен марапатталған. 

Қазіргі уақытта "Оптима Банк" ААҚ, "Jusan Invest" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 

Санжар Жамаловтың қазақстандық және халықаралық компанияларда үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Кәсіби портфолиосына "Казкоммерц Секьюритис" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, ING Bank N.V. (Ұлыбритания), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі,  сондай-ақ  өкілдіктің басшысы позициясына дейін көтерілген Қазақстандағы ИНГ Банк Н.В. (Нидерланды) өкілдігі секілді ұйымдарда атқарған түрлі позициялары кіреді. 

Карл университетінде (Чехия) қаржылық математика саласында бакалавр дәрежесін, Newcastle University-де (Ұлыбритания) халықаралық қаржылық талдау бойынша магистр дәрежесін алған, сондай-ақ University of Cambridge-де (Ұлыбритания) Executive МВА бағдарламасын өтуде. CFA Charterholder болып табылады.

Қазіргі уақытта Bolashaq Investments, "Отбасы банк" АҚ және "Jusan Invest" АҚ Директорлар кеңесінің құрамына да кіреді.  

Джованни Капаннелли (Giovanni Capannelli)  2002-2020 жылдар аралығында Азия Даму банкінде (АДБ) жұмыс істеп, Шығыс Тимор, Маршалл аралдары және Микронезияның федералды штаттары бойынша экономисттен бастап Қазақстандағы АДБ өкілдігінің директорына дейінгі жолды жүріп өтті. Қаржы экономикасымен, тұрақты дамумен, жасыл қаржымен, ауыл шаруашылығымен байланысты салаларда жұмыс істеді. "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ және ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Экономикалық зерттеулер институтында Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болды. Миландағы (Италия) Боккони университетінде экономика бакалавры дәрежесін және Токиодағы (Жапония) Хитоцубаси университетінде экономика бойынша магистр және PhD дәрежесін алған. 

Ол Италия Жұлдызы орденінің иегері, мемлекеттік сыйлықты Капанеллиге 2020 жылы Италия Президенті табыс етті.

Сонымен қатар, 2022 жылғы 29 сәуірден бастап Директорлар кеңесінің мүшелерінің: ДК төрағасының орынбасары лауазымын атқарған Е.Т. Орынбаевтың, сондай-ақ екі тәуелсіз директор Д.И.Кабылбаевтың және Ж.К.Азбековтың уәкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылады.

Талқылау