Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Jusan Bank-тің цифрлық және онлайн бастамалары Asian Banking&Finance Retail Banking Awards-2021 нұсқасы бойынша Қазақстанның ең үздік бастамасы болып танылды

Jusan Bank "Цифрлық банкинг саласындағы жыл бастамасы – Қазақстан" және "Интернет-банкинг саласындағы жыл бастамасы – Қазақстан" атты бірден екі номинацияда Asian Banking&Finance Retail Banking Awards (ABF) беделді премиясының  лауреаты атанды. 

Жусан

ABF іріктеуінің басты өлшемшарттары - бірегейлік, инновация, тиімділік, ықпал және қарқындылық. Asian Banking & Finance  журналының баспагері Тим Чарльтон  атап өткендей, "Сын-тегеуріннен именбей, дағдарыс жағдайларында бейімделе алған қаржы мекемелері өз саласында биік жетістіктерге қол жеткізіп, шыңына жетті. Asian Banking & Finance премиясы осы үздік компанияларды мойындауға бағытталған және оларды өз клиенттері үшін жоғары деңгейлі өнімдер мен қызметтерді ұсынуға түрткі болады". 

"Jusan Bank пандемия салдарында туындаған экономикалық түбегейлі өзгерістерді еңсере біліп, нарықтың түрленген, өзгерген қажеттіліктеріне жылдам бейімделе алды. Жаңа жағдайлар алдыңғы қатарлы цифрлық шешімдерді енгізуді және сервистерді барынша онлайн түрде ұсыну қажеттілігін жылдамдатты. Бұл ретте біз банктің әрбір жаңа клиенті үшін әрдайым түсінікті де сенімді болдық. Jusan-ның барлық өнімдері ең жоғары өлшемшарттарға жауап береді және біздің жұмысымыз Asian Banking&Finance Retail Banking Awards беделді басылымының халықаралық мойындауын алғанына қуаныштымыз" -деп атап өтті Jusan Bank  басқарма төрағасы Айбек Қайып беделді халықаралық премиямен марапатталғандары жөнінде. 

Jusan мобильді қосымшасы барлық пайдаланушыларға ұсынатын сервистердің кең ауқымының арқасында ABF RBA-ның бірден екі номинациясында жеңіске жетті.  Осылайша, қосымшада төлемдер, сатып алу және ақша аударымы бойынша стандартты банктік операциялар ғана емес, тұтынушылық кредиттерді және бөліп төлеуге сатып алуды ресімдеу, қайта қаржыландыру, автосақтандыру және инвестициялау секілді операциялар да қолжетімді. Қосымшада қаржылық емес сервистер де ұсынылған: Jusan Mobile цифрлық мобильді операторы және 400 мыңнан астам позициядағы тауарлар мен қызметтер сұрыпталымы бар Jusan Дүкені. 

Интернет-банкингтің жаңартылған нұсқасы клиенттерге 2020 жылғы қазанда қолжетімді болды, қазіргі уақытта Jusan қосымшасында 700 000-нан астам адам тіркелді, пайдаланушылардың ай сайынғы өсімі шамамен 25%-ды құрайды.    

ABF RBA ұйымдастырушылары Jusan Bank-тің жаңа өнімдерінің іске қосылуы  ATF Bank-пен бірігудің жауапты кезеңінде жүзеге асқанын, нәтижесінде банктің жалпы активтері 3 трлн.теңгеге жетіп, қазақстандық нарықтағы үлесі 10%-ға дейін өскенін атап өтті. 

Талқылау