Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Jusan Bank-тің жаңа басшысы тағайындалды

2022 жылғы 15 наурызда "First Heartland Jusan Bank" АҚ Директорлар кеңесі Басқарма төрағасы лауазымына Айдосов Нұрдәулет Ғалымұлын тағайындады. Ол 2019 жылдан бері банкті басқарып отырған Қайып Айбек Төребекұлының орнына келді.  

Жаңа тағайындауға қатысты Директорлар кеңесінің төрағасы Шигео Катсу пікір білдірді. 

"Біршама уақыт бұрын Jusan Bank мемлекеттің бір емес, екі проблемалық банк – Цеснабанк және АТФБанкті сауықтыру ұсынысын қабылдаған еді. Біздің команда осы банктерді тығырықты жағдайдан шығару үшін бар күшін салды. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа түбегейлі жол бермейтін, мақсатқа бағытталған және орасан-зор жұмыс оң нәтижесін берді.  Jusan Bank  Қайып Айбектің басшылығымен қысқа уақыт аралығында үлкен табыстарға қол жеткізді: жаңа корпоративтік стандарттар қалыптастырылды, проблемалық қаржы мекемелерін табысты түрде сауықтыру және олардың негізінде заманауи, қарқынды түрде өсіп жатқан әмбебап банкті құру бойынша бірегей кейс жүзеге асырылды. Jusan Bank  бүгінгі таңда ең жаңа технологияларды белсенді түрде қолдануда және оларды өз қосымшаларының онлайн-сервистерімен және құрылған цифрлық экожүйесімен интеграциялауда. Осылайша, алдағы уақытта дамуға сенімді іргетастың негізі қаланды.   Жақында Қайып Айбек кәсіби дамуын жалғастырғысы келетіндігіне байланысты  Директорлар кеңесіне өзін ағымдағы басқарушылық қызметтен босатуға және басқа позицияға ауыстыруға өтініш жасап, Кеңес оның өтінішін қабыл алды. Біз Қайып Айбекке Jusan тобының дамуына қосқан үлкен үлесі үшін алғыс айтамыз және оның жаңа бастамаларына сәттілік тілейміз. Басқарма төрағасы лауазымына Jusan Bank-тің жаңа басшылығына Нұрдәулет Айдосов тағайындалуда, біз оның жаңа мәртебесіне шын жүректен сәттілік тілейміз.  Айдос мырза банк стратегияларын жүзеге асыруды табысты түрде жалғастыратынына біз сенімдіміз", – деді Директорлар кеңесінің төрағасы Шигео Катсу.
"Айдосов Нұрдәулеттің халықаралық және отандық қаржы компанияларында басқарушылық қызмет атқаруда үлкен тәжірибесі бар. Ол еңбекқорлық, адалдық және меритократия және ашықтық қағидаттарын ұстанушылық секілді жеке қасиеттерімен бәріне танымал. Бұрын Нұрдәулет Айдосов Jusan Private Banking бағытын және Jusan Invest тобының инвестициялық бөлімшесін басқарып,  бірегей қаржылық өнімдер мен онлайн шешімдерді сәтті түрде енгізген және осылайша біздің тобымызды өте қысқа мерзім ішінде инвестициялық қызметтердің нарығындағы көшбасшы позицияларға шығарған болатын", – деп атап өтті Шигео Катсу. 

Өз кезегінде жаңа Басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов өзіне білдірген сенім үшін Jusan Bank Директорлар кеңесіне ризашылығын білдірді.

"Түпкілікті және жалғыз қаржылық бенецифиарлары болып Назарбаев Университеті және НЗМ түріндегі еліміздің ең үздік білім институттары табылатын еліміздің ең ірі қаржы институттарының бірін басқару үлкен құрмет және жоғары жауапкершілік. Кәсіби командамыздың арқасында біз халықаралық нарықтардағы өсіп жатқан құбылмалылық сын-тегеурінін еңсеріп, біздің ұлғайып келе жатқан клиенттік базамыздың сенімін нығайтамыз және корпоративтік даму қарқынын жылдамдатамыз деп сенемін, – деді Басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов. 

Бүгінгі таңда Jusan Bank Қазақстанның қарқынды дамып жатқан ірі банктерінің қатарына кіреді. Банк әмбебап профильді дамытуда және банктік қызметтердің бүкіл спектрін корпоративтік клиенттерге, жеке тұлға клиенттерге, шағын және орта бизнес субъектілеріне,  Private Banking  клиенттеріне көрсетеді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Jusan Bank Қазақстанның банктік секторындағы активтер көлемі бойынша топ-5-ке кірді. АТФБанкпен бірігу нәтижесінде өткен жылдың қорытындысы бойынша банктің активтері 59%-ға өсіп, 2,6 трлн теңгені құрады. 2022 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша несиелік портфель  1,06 трлн теңгені құрады (нарықтық үлес +38% жылдық өсім кезінде  5,3% құрайды), ал салымдар портфелі 1,48 трлн теңгеден асты (нарықтық үлес +59,7% жылдық өсім кезінде 5,7%). Жиырмаға жуық ЕБД арасында Jusan Bank  алтыншы позицияны иеленіп отыр. 

Жыл басындағы жағдай бойынша Jusan Bank  пруденциалдық нормативтері реттегіш белгілеген минималды талаптардан әлдеқайда артық: Jusan Bank-тегі капитал жеткіліктілігі коэффиценті (k1) белгіленген нормативтен шамамен үш есе артық түсіп 28% құрады, ал ағымдағы өтімділік көрсеткіші (k4) белгіленген нормативтен 7 еседей артық түсіп  211% құрады. Jusan Bank-тің қаржылық тұрақтылығын Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі растап отыр, бұл агенттік 2021 жылы жазда банкке "тұрақты" болжамымен В1 деңгейінде ұлттық және шетел валютасындағы депозиттер бойынша ұзақмерзімді рейтинг берді.   

Банктің дамуындағы негізгі бағыттар - Jusan Retail (бөлшек сегмент), Jusan Business (ШОБ сегменті) және Jusan Private Banking. Банкте қызмет көрсетілетін белсенді жеке тұлға клиенттердің саны 1 миллионнан асады, ал ШОБ сегментіндегі клиенттер саны 145  мыңға жетті, Private Banking шамамен 6,5 мың клиентке қызмет көрсетеді. Банк қызметінің ауқымы өз құрамында 120-дан астам бөлімшелер және мыңнан астам банкоматтарды қамтитын өңірлік желінің арқасында бүкіл Қазақстанды қамтып отыр.  

1987 ж.т. Айдосов Нұрдәулет Ғалымұлының қаржы және заң саласында үш жоғары білімі, оның ішінде  Warwick Business School (Ұлыбритания) MBA  дәрежесі бар. Кәсіби мансабын HSBC Bank Kazakhstan-да бастады, қазақстандық және халықаралық қаржы ұйымдарында 14 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.  2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін "Jusan Invest" АҚ Басқарма төрағасы лауазымын Jusan Bank-тегі Private Banking блогының басқарушы директоры позициясымен қоса атқарып келді. Оның басшылығымен Jusan тобы жеке тұлға клиенттерге инвестициялық қызметтер ұсынуда Қазақстан көшбасшысы болды. Қаржы секторының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Қаржыгерлер Қауымдастығының "Еңбек сіңірген Қаржыгер" қоғамдық орденімен марапатталды.  Оның кәсіби біліктілігі банктік, инвестициялық және кастодиандық басқарудың барлық салаларын қамтиды.  

Талқылау