Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Jusan Bank филиалдары мен бөлімшелерінің жұмысын қалпына келтіруде 

Jusan Bank Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарын қоспағанда, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі филиалдары мен бөлімшелерінің жұмысын кезең кезеңмен қалпына келтіруде.

Жусан

Филиалдар мен бөлімшелер әр өңірдегі жағдайға байланысты әртүрлі жұмыс істейді .

Банктің операциялық күні, сонымен қатар ұлттық валютада кассалық есеп айырысу операцияларын жүргізу (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша)

  • сағ. 9:00-ден – сағ.17:00-ге дейін – жеке және заңды тұлғалар үшін;

- кеңес беру режимінде:

  • сағ. 9:00-ден – сағ.18:00-ге дейін – жеке тұлғалар үшін;
  • сағ. 9.00-ден – сағ.17.00-ге дейін – заңды тұлғалар үшін.

Қазақстан биржа қорының жұмысының тоқтатылуына байланысты валютаны конвертациялау бойынша операциялар уақытша қолжетімсіз.

Ойын-сауық орталықтарында орналасқан банк бөлімшелерінің жұмысы ОСО жұмыс режиміне сәйкес қолжетімді.

Банк филиалдары мен бөлімшелерiнiң жұмыс кестесі өзгеруі мүмкiн. Ақпарат қосымша нақтыланады, жаңалықтарды біздің сайттан және банктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларынан білуге болады.

Қазір Қазақстан бойынша банкомат желісінің негізгі бөлігінің жұмысы қалпына келтірілді. Банкоматтар қолма-қол ақшамен қамтамасыз етілді және ақшалай қаражат беруде лимит қарастырылмаған, ал алыс аудандарда, сонымен қатар Алматы, Алматы облысы және Тараз қаласы сияқты "қызыл аймақтарда" банкоматтар желісінің жұмысы жағдайдың тұрақтануына сәйкес мүмкіндігінше қалпына келтіріледі.

Jusan және Jusan Business мобильді қосымшалары қолжетімді және тұрақты жұмыс істеп тұр.

Жұмыс режимі және өз өңіріңіздегі қызмет істеп тұрған бөлімшелердің мекенжайын, сондай-ақ басқа да сұрақтарға жауапты 7711 нөмірі бойынша Jusan Bank байланыс орталығынан біле аласыз.

07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37  лицензияны Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген.

Талқылау