Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Jusan Bank активтері 2021 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша 67%-ға өсті

2021 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша банк активтері 67%-ға өсіп, 2,7 трлн. теңге деңгейіне жетті. Жыл басынан салыстырғанда осы көрсеткіш бойынша Jusan Bank қазақстандық ЕДБ жалпы рейтингісінде 7-ші орыннан 4-ші орынға көтерілді. 

жусан

Несие портфелі жыл басынан 17,4%-ға немесе 134 млрд. теңгеге өсіп, есепті күндегі жағдай бойынша 904 млрд. теңгені құрады. Банк менеджменті кредиттік портфель сапасын жақсартуға бағытталған белсенді жұмысын жалғастырып жатыр: осылайша,  банктің берешек мерзімі кешіктірілген кредиттер деңгейі (NPL 90+) жыл басынан 3,5 есеге, 2021 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша  44%-дан 12,47%-ға азайды. Несие портфелі бойынша қалыптастырылған провизиялар сомасы тоғыз айдың қорытындысы бойынша 178,5 млрд. теңгені құрады, бұл төлемдер мерзімі кешіктірілген кредиттерді 98,7%-ға өтейді және Jusan Bank-тің қаржылық тұрақтылығының жоғары деңгейін, сондай-ақ қажет жағдайда оның өз шығындарының орнын қолданыстағы ресурстар есебінен толтыру қабілеттілігін растайды.  

Үш тоқсанның қорытындысы бойынша меншікті капитал 50%-ға өсіп,  471,4 млрд. теңгеге жетті, банктің капитал жеткіліктілігі коэффициенті (k2) реттегіш белгілеген нормативтен шамамен 5 есе артып 55% құрады, ал ағымдағы өтімділік коэффиценті (k4) 219% деңгейінде тіркелді, бұл қолданыстағы нормативтен 7 есе артық. Осылайша,  Jusan Bank капитал жеткіліктілігі және өтімділіктің жоғары деңгейіне ие, бұл оның активтерінің одан әрі өсуіне мүмкіндіктер жасайды.  

Тұрақты дамыту қарқынының арқасында Jusan Bank Қазақстанның ең ірі банктерінің қатарына кіреді. Осылайша, 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚР ҰБ деректеріне сәйкес Jusan Bank нарықтағы сәйкесінше 5% және 6% үлестермен  кредиттік портфель көлемі бойынша 6-шы орынды және депозиттік портфель көлемі бойынша 5-ші орынды иеленеді. 2021 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша Jusan Bank-тің таза шоғырландырылмаған пайдасы  19,4 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың балама кезеңіндегі пайдадан 3 есе артық.  

Қараша айында Jusan Bank беделді британдық қаржы басылымы - Capital Finance International тағайындаған Banking Awards – 2021 халықаралық сыйлығының қорытындысы бойынша  "Best Bank – Kazakhstan 2021" - "Қазақстанның үздік банкі-2021" марапатына ие болды. Қазылар алқасының құрамына кірген сарапшылар Jusan Bank-тің соңғы екі жыл ішіндегі негізгі қаржылық көрсеткіштерінің оң қарқынына өз бағасын беріп, Jusan Bank-те технологиялар және инновациялар саласындағы жаңалықтардың белсенді түрде қолданылатынын, олардың пікірінше, бұл қаржы қызметтерінің жергілікті нарығының дамуына елеулі әсер еткенін атап өтті.  

2021 жылғы 7 сәуірде берілген ҚР ҚНРДА № 1.2.35/225/37 лицензиясы.

Талқылау