Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстанның әл-ауқатының іргетасын қалаймыз": Jusan Bank туған күніне орай республика бойынша 350 ағаш отырғызды

Қазақстандағы жетекші банктердің бірі – Jusan Bank өзінің туған күнін ерекше әрі экологиялық таза түрде атап өтті. Банк салтанатты кеш өткізудің немесе түрлі сыйлықтар таратудың орнына Қазақстан табиғатына 350 жас көшет сыйлады. Оның ішінде 100 ағаш "Алматы қарағайлы орманында" отырғызылды.

Жусан тал егу

Jusan Bank өзінің төрт жылдығын қалаларды жасылдандыру акциясымен атап өтті. Бастама аясында банктің филиалдары бар Қазақстанның әрбір облыс орталығында "Jusan мүмкіндіктер аллеясы" пайда болды. Акция аясында Jusan Bank адамдарды өз қалаларын көгалдандыру үшін әрекетке шақырып бірқатар шаралар мен бастамаларды ұйымдастырды. 

Алматыда банк филиалдарының топ-менеджерлері мен қызметкерлері  "Алматы қарағайлы орманына" 100 түп қарағай көшеттерін отырғызды. Құттықтау сөзін сөйлеген банктің басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов бүгінгі қуанышты табиғатпен бөлісудің маңызы туралы айтты. Ол осы төрт жылдың ішінде банк саласымен қоса экожүйеде де маңызды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

тал егу 2

“Туған күнді түрлі жолмен тойлауға болады. Бүгін біз қуанышымызды табиғатпен бөліскіміз келеді себебі қоршаған ортаның алдындағы жауапкершілік – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біздің қоршаған ортаға қосқан үлесіміз тұрақты даму жолындағы ілгері қадам болатынына сенімдімін. Біз жеткен жетістіктерімізбен мақтанамыз: осы төрт жылда көптеген жобаны бастадық, басты құндылығымыз – біздің қызметкерлер мен тұтынушыларымыз болып қала бермек. Банкімізге қаржылық саулық пен даму тілей отырып біз сүйікті клиенттерімізді қуантуды әрі таңғалдыруды жалғастыратынымызды атап өткім келеді”, – деді Нұрдәулет Айдосов.

Банк басқарма басшысы Нұрдәулет Айдосов акцияға жиналғандардың алдында сөзін жалғастырып, экологиялық мәселелерді назардан тыс қалдыруға болмайтынын баса айтты. Айтуынша, бұл тек адамдардың өміріне ғана емес, ел экономикасына да әсер етеді.

“Тұрақты даму жөніндегі БҰҰ жаһандық келісім шартына қатысушы ретінде Jusan өскелең ұрпақтың болашағы үшін жауапкершілікті сезінеді. Әлеуметтік басқару және экологиялық мәселелерді шешуге атсалысу арқылы біз Қазақстанның әл-ауқатының іргетасын қалаймыз”, – деді Нұрдәулет Айдосов.

тал егу 3

Тағы бір айта кетерлігі, Jusan Bank бұл акциядан бөлек тағы да басқа экологиялық шараларды қолға алған. Jusan ESG (Экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) қағидаттарын сақтай отырып, өзінің тұрақты даму стратегиясын жүзеге асыру жолында белсенді жұмыс істеуде.

Банк "Жасыл кеңсе" жобасын енгізіп, қалдықтарды сұрыптау және кәдеге жарату бағдарламасын сәтті жүзеге асырды және "Жасыл мектеп" арқылы мектеп оқушыларын қалдықтарды пайдаға жаратуға үйретеді. Сонымен қатар "Juz Jurek" еріктілер қозғалысын бастады.

2019 жылы құрылғаннан бері банк Қазақстандағы ең тұрақты қаржы институттарының біріне айналып үлгерген Jusan жан-жақты дамуға ұмтылады. Сондай-ақ цифрлық экожүйені кеңейтуді белсенді түрде қолға алған. Бұл жетістік банктің қаржы саласының сын-қатерлеріне төтеп бере алатынының дәлелі. 

тал егу 4

Банктің жан жақты дамуға бағдарлануы оның сапалы қаржы қызметтерін көрсетуге ғана емес, Қазақстанның экономикалық дамуына үлес қосуға ұмтылысы саналады. Қазақстанның 42 қаласында 8 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейтін банк бөлімшелері күн сайын елдегі миллиондаған адамдарға жайлылық пен сенімділік сыйлайды. 

Жалпы алғанда Jusan Bank-тің жан-жақты дамуға ұмтылысы оның Қазақстандағы ең тұрақты қаржы институттарының біріне айналуына мүмкіндік берді. Оның инновацияларға көзқарасы, тұтынушылардың разы көңілі мен тәуекелдерді басқаруға бағытталған жұмысы банктің табысқа жетуіне ықпал етті және оның үздіксіз өсуі мен өркендеуіне жол ашты.

Алдағы уақытта да Jusan Bank адами капиталды дамыту және барлығына мүмкіндіктер бар жаңа табысты болашақ құру миссиясын жүзеге асыруды жалғастыра бермек.

Талқылау