Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Jetour бренді Auto Shanghai 2025 халықаралық көрмесінде: Оқиға орнынан жаңалықтар мен инсайдерлік мәліметтер

Шанхайда XXI Auto Shanghai 2025 халықаралық автосалоны басталды, оған әлемнің жетекші автокөлік брендтері жиналды. Қазақстандық Allur автомобиль компаниясына кіретін Jetour Qazaqstan командасы бренд серіктестеріне жасалған жабық көрсетілімге қатысып, Jetour-дың жаңа өнімдері туралы инсайдерлік мәліметтерді білді.

Jetour брендінің стендінде соңғы үлгілерден F700 және G700 ұсынылды. Бұл автокөліктер жоғары технологиясымен және қатал дизайнымен ерекшеленеді. Қазақстан тұтынушылары оларды бағалайтынына және бұл модельдер нарықта өз орнын тауып, басқа брендтерге елеулі бәсекелес болатынына сенеміз.

Jetour көліктеріне енгізілген технология деңгейі ерекше назар аудартады. Инновациялардан су кедергісіне төтеп беру, заманауи цифрлық шешімдер және үнемі жаңа опциялар қосылатынын атап өту керек. Мысалы, флагмандық модельдерде қосымша опция ретінде электронды айналар пайда болды.

Сонымен қатар Jetour кастомизация мүмкіндіктеріне айқын ден қойды. Брендтің орналасқан жерінде T2 моделін жекелендіруге жеке стенд арналды. Онда жол талғамайтын күшейтілген аспа, туристік аксессуарлар, саяхатқа арналған багаждар, экспедициялық аймақ, сонымен бірге жол бұзылған кез бен туризмге арналған күшейтілген опциялар және дөңгелек дисктердің бірнеше түрі көрсетілді.

Тағы бір айрықша стенд келушілердің көзіне ерекше түсті. Онда жаңа Jetour орындықтарын сынап көруге мүмкіндік болды. Жаңартылған орындықтарда жоғары сапалы былғары төсем және жақсартылған массаж функциясы бар. Брендтің жаңа өнімдерінің жайлылық деңгейін әркім жеке сезіне алады.

Жаһандық дистрибьюторлар конференциясында ұсынылған стратегия орындалып жатқанын стендте көрсетілген қазіргі көлік үлгілерінен аңғардық. Қазақстаннан барған топ брендті дамыту және оны жақсарту жоспары қазірдің өзінде белсенді түрде жүзеге асып жатқанын өз көзімен көрді. Жергілікті нарық та осы өзгерістердің бір бөлігі болады: биыл Jetour үлгілерінің ауқымын кеңейту және жаңа жекелендіру опциялары жоспарланған.

Қазақстандықтар Jetour автокөлігін тиімді шарттармен онлайн сатып ала алады. Allur Finance-пен бірге 7 жыл мерзімге жылына 4%-бен автокөлік сатып алуға мүмкіндік беретін несие бағдарламасы жалғасып жатыр.


Жарнама құқығында

STAN.KZ
Бейсенбі, 24 Сәуір, 2025 19:44
Талқылау