Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израильдің Иранға жасаған соққысынан 60 тұрғын қаза тапты, оның жиырмасы балалар

Фото: rfi.fr

Иранның оңтүстік-батысындағы Шахид Чамран қаласында Израильдің соққылары салдарынан тұрғын үй құлап, 60 тұрғын, оның ішінде 20 бала қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Pririb.ir басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

БАҚ мәліметінше, қаза тапқан 10 адамның денесі әлі де үйінді астында жатыр. 

"Бұл тұрғын үйге Израильдің кеше жасаған шабуылынан 60 адам қаза тапты. Оның 20-сы балалар. Қаза тапқандардың онының денесі үйінді астында жатыр.  Олардың арасында 6 айлық және 9 айлық сәбилер бар", – делінген хабарламада.

Ал Иранның Израильге жасаған зымырандық соққысынан кейін қаза тапқандар саны 172-ге жетті.

73 адам ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 21 адам Холондағы Вольфсон ауруханасына, тағы 52 адам Тель-Авивтегі Сураски медициналық орталығына (Ичилов) жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы жеңілден орташа ауырлыққа дейін.



Әскери сарапшылар Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің ашық текетірес кезеңіне өтіп жатқанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, мұндай шабуылдар бүкіл Таяу Шығыс аймағына таралуы мүмкін. 

Бұған дейін екі ел арасында зымырандық соққылар бірнеше рет тіркелген. 2020 жылдары екі жақ та бірнеше рет стратегиялық нысандарға шабуыл жасады. Бірақ қазір құрбандар саны едәуір көбірек. 

Еске салсақ, бұған дейін Израиль Иранға әуеден соққы жасағаны туралы жазған едік. Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстанның Израильдегі елшілігі арнайы үндеу жариялады. Оған жауап ретінде 13 маусым күні кешке Иранның  Ислам революциясының Сақшылар корпусы Израильге қарсы "Шынайы уәде-3" деп аталатын жауап операциясын бастаған. 

 

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 14 Маусым, 2025 14:03
Талқылау