Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израильдік мамандар: Астанада көз жұмған 4 босанушы әйелді аман алып қалу мүмкін емес болған

Шетелдік мамандар Астананың көрсеткіші дамыған өзге елдерге қарағанда екі есе жоғары екенін атады.

Израильдік мамандар: Астанада көз жұмған 4 босанушы әйелді аман алып қалу мүмкін емес еді

Израильден келген мамандар Астанада перинаталдық орталықтың дәрігерлеіне шеберлік сыныбын өткізуде, деп хабарлайды BNews.kz.

МVI медициналық орталықтың директоры Наталья Мелех-Хедват  заманауи құрылғылар бола тұра босанған төрт әйелді де аман алып қалу мүмкін емес екенін айтты.

«Біз комиссия емеспіз, сондықтан қандай да бір ресми қорытынды жасай алмаймыз. Тек әріптестеріміз тексеруді сұраған еді. Біздің дәл осы жағдайда қандай әрекет ететінімізді сұрады. Олардың орнында біз болсақ та, жағдай осылай қайғылы аяқталатын еді. Алдағы уақытта мұндай қайталанбау үшін көп нәрсе істеуге болады. Алдымен тұрғындардың әлеуметтік дайындығын арттыру керек. Әрбір әйел өтуі тиіс профилактикалар бар», – дейді Наталья Мелех-Хедват.

Мамандар Астанадағы босанушылардың өлім көрсеткіші дамыған елдермен салыстырғанда төмен екенін атап өтті.

Талқылау