Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израильдегі қалған қазақстандық азаматтар елге өз беттерінше қайтады - Сыртқы істер министрлігі

Енді Израильден Қазақстанға репатриациялық рейстер болмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров бірінші рейс азаматтарымыз үшін арнайы бағамен ұйымдастырылғанын еске салды, кейінгілері өз бетінше төленетінін айтты. Израильдегі әуежай штаттық режимде жұмыс істеуде, сондықтан оларды арнайы алып кетудің қажеті жоқ.

"Егер әуежай жұмыс істемесе және бүкіл ел жабық болса, онда эвакуация туралы әңгіме болар еді. Бірінші рейс репатриациялық болды. Мұндай рейстер енді болмайды", – деді Смадияров.

16 қазанда Қазақстанның Израильдегі елшілігіне жүзден астам азамат жүгінген. Олардың бір бөлігі қазақстандық дипломаттардың көмегімен елден өз бетінше кетіп қалды.

10 қазанда Израильден 124 қазақстандық және 42 шетелдік азамат Air Astana рейсі арқылы эвакуацияланды.

Талқылау