Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израильдегі елшілік қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның Израильдегі елшілігі қазақстандықтарға үндеу жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: voxpopuli/Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі

Хабарлама елшіліктің ресми сайтында жарияланды. 

Елшілік Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалап отыруды және Қазақстан елшілігімен байланыста болуды сұрайды.


Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстандық әуекомпанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып ұшуға кеңес берілді


Сондай-ақ елшілік Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефон нөмірлерін де жариялады: 

+972 (3) 503 78 85 (кезекші)

+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)

+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)

+7 700 111 31 96 (WhatsApp)

Еске салсақ, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстың соғыс аймағында қалған қазақстандықтардың жағдайы туралы мәлімдеме жасаған еді. 

Талқылау