Израильде террористерді өлім жазасына кесу туралы заң қабылданды
Израильде террористерді өлім жазасына кесу туралы заң қабылданды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өзінің әлеуметтік желісінде жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақпаратта Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирмен бірге министрлердің заң шығару комитетінде лаңкестерге өлім жазасын тағайындау туралы заң қабылдағанын жазған.
Осылайша Израильдегі терроризмді тежеп, ел қауіпсіздігін арттыру жұмыстарын жалғастырамыз дейді.
"Террорға қатты соққы беріп, тамырын түбімен жоямыз", – деп мәлімдеді Нетаньяху.
Алдағы күндерде аталған заң жобасы Кнессетте қаралуға жіберіледі деп күтілуде.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді