Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израильде теракт болып, алты адам жарақат алды

Израильдің Тель-Авив қаласында теракт салдарынан алты адам жарақат алды. Тағы бір адам көз жұмды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

теракт

Полиция мәліметінше атыс екі жерде – Кауфманн көшесі мен Чарльз Клор атындағы саябақ маңында болған.

Time to Israel басылымының деректеріне сәйкес шабуыл кезінде бір адам ауыр жарақат алған. Тағы бес адамды көлік қағып кеткен. 

Куәгерлер көліктің терезесінен оқ атып, кейін адамдарды қағып кетрек болған. Кейін көліктен түсіп, тағы оқ жаудырған. 

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қаладағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды. 

Еске салайық, бұған дейін Израильдің Иерусалим қаласындағы Әл-Акса мешітінде полиция арнайы операция өткізген еді. Кейін палестиналық белсенділер өздерін қорғау үшін мешітте жасырынған мұсылмандарға шабуыл жасады деп Израильдің қарулы күштерін айыптады. 

Талқылау