Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израильде теракт болды: Қаза болған мен жараланғандар бар

Израильдің Беэр-Шева қаласындағы автовокзалда теракт болды. Салдарынан 20 жастағы қыз қаза болып, тағы сегіз адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Вести Израиль сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Беэр Шева" орталық автовокзал кешенінде қаруланған лаңкес оқ жаудырды. Тоғыз адам жарақат алды. Көп ұзамай20 жастағы бойжеткен мерт болды.

Лаңкестің өзі де өлтірілді. Полиция оның кім екенін анықтады. Ол Негевтегі көшпелі бәдәуилер лагерінің тұрғыны, соттылығы болған.

Куәгерлердің айтуынша, атыс үш жерде болған. Біреуі тіскебасар сататын жердің жанында, екіншісі дәмханада, үшіншісі – жолаушылар терминалына кіре берістің жанында.

Беэр-Шевадағы орталық автовокзалдағы терактіден зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр, тағы төрт адамның жағдайы орташа, екеуі жеңіл жарақат алды.

Полиция лаңкестің сыбайластарын іздеп жатыр. Полицейлер азаматтарды автовокзалға жақындамауға шақырды. Сондай-ақ полицейлер лаңкестік оқиға болған жердің жанынан қызыл көлікті көргендерден дереу полиция шақыруын сұрайды.

Талқылау