Израильде көтерілістердің кесірінен әуежай мен теміржол вокзалының қызметі тоқтады
Тель-Авив әуежайында жүздеген адамдар баратын жерлеріне жете алмай қалуы мүмкін. Әуе айлағының қызметкерлері сот реформасына қарсы ұлттық ереуілге шығып, жұмыстарын тоқтатты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әуежай тек келген ұшақтарды қабылдайды, әуекомпаниялар әуе кемелерін қосалқы аэродромдарға жіберіп жатыр. Қызметкерлердің ереуіліне байланысты теміржол вокзалдарының бір бөлігі жабылды.
Сот реформасына қарсы наразылықтар үшінші айдан бері тоқтаған жоқ. Реформа Жоғарғы соттың негізгі заңдардың қабылдануына әсерін шектейді. Парламентке Жоғарғы соттың шешімдеріне қарсы шығуға, ал үкіметке судьяларды тағайындауға ықпал етуге мүмкіндік береді. Оппозиция заң жобасын демократияға қауіп деп санады.
Израильдің ірі қалаларында наразылық акциялары басталды. Жаппай тәртіпсіздіктер барысында қорғаныс министрі отставкаға кетті.
Реформаны алып тастауды үндеген шенеунік жұмыстан шығарылған. Бұл хабар наразылықтың жаңа толқынын тудырды.
Дәрігерлер кәсіподағы Денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын тоқтата тұруы мүмкін. Премьер-министр кеңсесінде шұғыл кеңес өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Нетаньяхудың ұлтқа ресми үндеуі күтілуде.
Естеріңізге салсақ, Израильде жаңа сот реформасына қарсы наразылық акциялары орын алғаны хабарланды.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
