Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израильде көлік наразылық білдіруге шыққан топты қағып кетті (видео)

Израильдің Тель-Авив қаласында көлік наразы топты қағып, салдарынан үш адам жарақат алды. Елде азаматтар үкіметтен Газадағы тұтқындарды босату жөнінде келісімге келуді талап етіп, көшеге шыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

израиль

Видеодан скриншот

Апат салдарынан екі адам жеңіл жарақат алған. Ал тағы бір әйел ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. 

Көлік жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалмақ болған, бірақ бірер минуттан соң оны полиция тоқтатыпты.

Айта кетері, наразылық акциясы заңдастырылған. Көлік наразы топты қаққанда акция аяқталуға жақын қалған. Ал қатысушылар митинг өткен орыннан кете бастаған. Сондықтан көлік қозғалысына кедергі келтірген екен. 

Талқылау