Израиль парламентінде күтпеген жағдай орын алып, азан шақырылды (видео)
Израиль парламентінде (Knesset) ел аумағында дауыс зорайтқыштармен азан айтылуына тыйым салатын заң талқыланды. Осы заң жобасына байланысты пікір білдіру үшін мінберге шыққан араб текті депутат Әбу Арар, кенеттен азан оқыған.
Бұған дейін ел парламенті азанды дауыс зорайтқышпен айтуға болмайды деген заңды мақұлдап, мәжілістің қарауына жіберген болатын. Алайда “Бірлескен Тәурат” партиясының қарсылығымен заң жобасына дауыс беру кейінге қалдырылған еді.
Ел парламенті бұл ретте “азан дауысы шу тудырады” дегенді желеу етіп, қабылдағысы келмейтін сыңай танытуда. Ал өзінің жеке қарсылығын мемлекетік мінберде азан шақыру арқылы білдірген депутат сынның астында қалды.
Израильдің бұлайша азанға ашық қарсылық танытуы, Палестина және басқа да мұсылман мемлекеттерінің наразылығын туындатуда.
Оқи отырыңыз:
“Кеш you” тобының бұрынғы әншісі продюсерлікке бет бұрды (видео)
Жазира Байырбекова: Болашақ құдаларым кім болса да маңызды емес
Рики Мартин сүйікті жігітіне тізерлеп отырып үйлену туралы ұсыныс жасады (фото)
Күйеуі Сиви Махмудидің туған күніне жаңа көлік сыйлады (видео)