Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Кеш you” тобының бұрынғы әншісі продюсерлікке бет бұрды (видео)

«Кеш you» тобының алғашқы құрамында ән салған әнші Әнел Әрінова продюсерлікке бет бұрды. Әрінова дарынды қыздарға іздеу салды, деп хабарлайды Stan.kz.

Screenshot_9

Баян Есентаева, Алуа Қонарова сынды мықты продюсерлермен жұмыс істеген Әрінова бұл салада тәжірибе жинап алған көрінеді. Әнел Әрінованың тобына қосылу үшін бойжеткен ұзақтығы 1 минутқа созылатын видео түсіруі тиіс. Бір қызығы, арудың сырт келбеті мен бойы ешқандай рөл атқармайды.

«Кастинг! Қымбатты қыздар мен топ құрмақпын. Ол үшін сіздер видео түсірулеріңіз қажет. Онда мен сіздердің дауыстарыңызды, актерлік шеберліктеріңізді және биге икемділіктеріңізді көруім қажет. Сіздерге берілетін уақыт – 1 минут. Жас мөлшері 19 бен 25 аралығы. Ал бейнежазбаларыңызды [email protected] поштасына жіберулеріңізге болады. Екі апта уақыттарыңыз бар. Айтпақшы, телефон нөмірлеріңізді қалдыруды ұмытпаңыздар», – деп жазды Әрінова желідегі парақшасында.


Жіберіп алмаңыз:

Жазира Байырбекова: Болашақ құдаларым кім болса да маңызды емес

Рики Мартин сүйікті жігітіне тізерлеп отырып үйлену туралы ұсыныс жасады (фото)

Күйеуі Сиви Махмудидің туған күніне жаңа көлік сыйлады (видео)

Танымал жұлдыздар видео-құттықтау арқылы қосымша табысқа кенелетін болды (фото, видео)

 

Талқылау