Израиль мен Газа секторында қанша қазақстандық азаматтың бар екені белгілі болды
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Газа секторында қанша қазақстандық бар екенін айтты. Оның айтуынша, мұнда палестиналықтарға күйеуге шыққан қазақстандық әйелдер бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы ол СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
"Иорданиядағы Қазақстан елшілігініңақпаратына сәйкес, Газа секторында 25-ке жуық отбасында қазақстандық адам тұрады. Олар негізінен Палестина азаматтарымен отауласқан қазақстандық әйелдер. Израильдің операция жоспарларына, сондай-ақ жүргізіліп жатқан бомбалауына байланысты кейбір отбасылар қауіпсіз орын іздеп жүр”, – деді Смадияров.
Ол сондай-ақ Қазақстан елшілігінің Израильдегі консулдық есебінде 77 адам, оның ішінде елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері бар екенін айтты. Израильдің жоғары оқу орындарында қазақстандық бес студент оқиды, сондай -ақ 30-ға жуық қазақстандық Израильдің әртүрлі медициналық мекемелерінде тағылымдамадан өтіп жүр.
Талқылау