Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль Газаны қайтадан оккупацияламауы керек – Блинкен

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Газа секторының соғыстан кейінгі дамуы туралы сөз қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Токиодағы жетекші елдердің дипломаттарының кездесуінің соңында сөйлеген сөзінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ХАМАС тобы толық жойылған соң, Газа секторының соғыстан кейін дамуы туралы ойлану керек екенін айтты.

Оның Палестиналықтарды Газадан күштеп шығаруға болмайтынын алға тартты. Блинкен “Қазір де, соғыстан кейін де” бұл шарт сақталуы қажет екенін айтады:

  • Газаны терроризм және зорлық-зомбылық көрсететін алаң ретінде пайдаланбау;
  • қақтығыс аяқталғаннан кейін Газаны реоккупация жасамау;
  • Газа секторын қоршауға алуды тоқтату;
  • Газа аумағының қысқартпау;
  • Иордан өзенінің батыс жағалауынан ешқандай лаңкестік қауіп-қатердің келмеуін қамтамасыз ету.

Блинкен сондай-ақ "бейбітшілікке" қол жеткізу бойынша қандай қадамдар жасалу қажеттіін айтты. Палестиналықты оңалту орталықтарында мделуге жіберіп, олардың құқығын қорғап, пікіріне құлақ асу мәселесі айтылды. 

Осы аптаның басында Палестина ұлттық әкімшілігінің (ПҰА) төрағасы Махмуд Аббас Рамаллада Блинкенмен келіссөздерден кейін оның әкімшілігі 2007 жылғы қарулы көтеріліске дейінгі және бірнеше шарттарды сақтай отырып, Газа секторы үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін айтты.

Блинкен "бұл Газаны қайта құрудың тұрақты механизмін" және "израильдіктер мен палестиналықтардың қатар өмір сүруін қамтамасыз ететін жол" екенін атап өтті.

"Біз болашақ туралы айтатын уақыт келді деп есептейміз", – деді Блинкен.

Талқылау