Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль Газаға жойқын шабуыл жасауға кірісті

Фото: Reuters

Израиль әскерилері Хамасты талқандау және Газа секторында қалған кепілге алынған адамдарды босату үшін ауқымды шабуыл басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Израиль қорғаныс армиясының хабарлауынша, "Гидеон арбалары" операциясы аясында әскерлерге сектордың барлық стратегиялық аймақтарын басып алу міндеті жүктелген.

ХАМАС бақылауындағы азаматтық қорғаныс және денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бейсенбіден бастап Газада израильдік шабуылдардан 250-ге жуық адам қаза тапқан. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Газа секторында көптеген адамдардың аштыққа ұшырап жатқанын мәлімдеген болатын.

Израиль әскерилері бұл операцияны "Гидеон арбалары" деп атайды. Әскерилер "ХАМАС қауіпті жойып, барлық кепілге алғандарды үйге қайтармайынша" операцияны тоқтатпайтынын айтты. Олар өткен 24 сағат ішінде Газа секторы бойынша 150-ден астам террористік нысанаға соққы берген.

Израиль атысты тоқтату туралы келіссөздерді қайта бастау және қоршауды алып тастау туралы халықаралық қысымның күшеюіне қарамастан, бомбалауды күшейтті және шекара бойындағы көліктердің санын көбейтті. Бұл операцияның басталуы соғысты бейбіт жолмен шешудің барлық әрекеті бекер болғанын көрсетеді.

Times of Israel басылымының хабарлауынша, "Гедеон арбалары" операциясы Израиль қорғаныс армиясына газа аумағын басып алуға, бейбіт тұрғындарды сектордың оңтүстігіне көшіруге, ХАМАСҚА шабуыл жасауға және оның гуманитарлық көмек жеткізілімін бақылауға алуына бағытталған.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мамыр айының басында Израильдың аумақты басып алу үшін "Газаға қарқынды шабуыл" дайындап жатқанын айтқан болатын. Ал Израиль үкіметі Трамп Таяу Шығыстағы турын аяқтамайынша, операция басталмайтынына уәде берді. Трмап болса 16 мамыр күні аймақтан кетті.

“Бұл – халықаралық құқыққа қайшы"

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк Израильдің бұл әрекеті халықаралық құқықты бұзу деп саналуы мүмкін екенін ескертті.

"Қатты шабуылдар қаупі, тұтас шағын аудандардың жүйелі түрде қирауы және гуманитарлық көмек көрсетуден бас тарту салдарынан адамдардың көшуіне себеп болу, бомбалар тасқыны Газа секторында демографиялық өзгерістер жасауға ұмтылыс бар екенін көрсетеді. Бұл – халықаралық құқыққа қайшы", — деді ол.

Хан Юнистегі Насер ауруханасында жұмыс істейтін Британдық хирург Виктория Роуз бүгін BBC Radio 4 бағдарламасына оның командасы таусылғанын және пациенттер көп салмақ жоғалтқанын айтты.



“Балалар өте арық, қатты күйіп қалған, инфекцияға қарсы тұра алмайды”

Хан Юнистегі Насер ауруханасында жұмыс істейтін британдық хирург Виктория Роуз Газада өз тобының мүмкіндіктері таусылып жатқанын және науқастардың айтарлықтай салмақ жоғалтқанын айтты.

"Балалар өте арық. Тістері түсіп қалған балалар көп. Олардың көбінде ауыр күйік жарақаттары бар. Тамақтанбау жағдайында мұндай науқастар инфекцияларға әлдеқайда бейім келеді және сауығу мүмкіндігі де едәуір төмен", – деді ол.

БҰҰ мәліметінше, Газа секторының халқы жаппай ашаршылық қаупіне тап болып отыр. Алайда Израиль үкіметі Газада азық-түлік тапшылығы бар деген мәлімдемелерді бірнеше рет теріске шығарды.

STAN.KZ
Сенбі, 17 Мамыр, 2025 17:39
Талқылау