Израиль әскері ХАМАС қолбасшысының өлтірілгенін хабарлады
Израиль әскері 27 қазанда Газа секторындағы жерүсті рейдтері кезінде ХАМАС қолбасшысының өлтірілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: reuters
Израиль әскерінің Telegram арнасында жарияланған хабарламада Израиль әскерилерінің соғыс ұшақтары мен ұшқышсыз ұшақтардың қатысуымен Газа секторының орталық бөлігінде бірнеше рейд жүргізгені айтылған.
Сондай-ақ, Израиль әскері ХАМАС-тың құрамындағы батальондардың бірін басқарған қолбасшысы Мадхат Мубашардың өлтірілгенін хабарлады. ХАМАС қолбасшысы 7 қазан күні Израильге жасалған шабуылдарға қатысқан.
Соңғы 24 сағаттың ішінде Израиль әскерилері Газа секторындағы 250-ге жуық нысанды жойып, ондаған ХАМАС өкілін өлтірген.
Еске салсақ, бұған дейін ХАМАС өкілінің Мәскеуге келгені, Израильдің бұл әрекетті “терроризмді қолдау” деп айыптағаны туралы жазған болатынбыз.
Талқылау