Іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Германиядағы босқындар лагерінен табылды
Есірткі сатқаны үшін қылмыстық іс қозғалған 22 жастағы астаналық Мюнхен қаласындағы босқындар лагерінен табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Күдікті Астанаға ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросы және Бас прокуратура көмегімен экстрадицияланып, тергеу изоляторына қамалды.
Қылмыстық қудалаудан жасырынған елорда тұрғыны 2021 жылдың сәуір айынан бастап іздеуде болған.
Ұсталған азамат Өзбекстан Республикасына тұрақты рейспен ұшып, сол жерден Қырғызстанға қоныс аударып, Анталия қаласына ұшып кеткен.
Әрі қарай Украина шекарасын заңсыз кесіп өтіп, босқын статусымен ГФР аумағында тұрақтаған.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн