Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Қазақстаннан қашып кеткен Рысқалиевтің видеосы пайда болды (видео)

Ағасымен бірге іздеуде жүрген экс-мәжілісменнің видеосы әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Бейнероликте орындалып жатқан «Шынар-ау» әнінің 2014 жылдың аяқ жағында шыққанын ескерсек, бұл бейнеролик былтыр жазда түсірілген болу мүмкін. Осы көңілді отырысқа қатысқан, бірақ өздерін жарияламауды жөн көрген кейбір азаматтардың айтуынша, ролик Атыраудағы жеке тұрғын үйлердің бірінде түсірілген.

Экрандағы кіші Рысқалиге қол бұлғаған қонақтардың бұған түк таң қалмағандарына қарағанда, іздеудегі экс-депутат туыстарымен бұрын да осылай тілдесіп жүргенге ұқсайды. Бірақ ешбір құзырлы орган бұл таспаға қатысты түсініктеме беруге құлықсыз. Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен оның інісі Аманжанға және өзге тағы да 11 адамға 4 жыл бұрын іздеу жариялаған болатын. Оларға қылмыстық топ құрып, мемлекеттің 71 млрд теңгесін жымқырды деген айып тағылған.

Жіберіп алмаңыз:

Ақмола облысында сұмдық апаттан көз жұмғандар көліктен шыға алмай қиналған

Шымкентте көлігімен адам қаққан жігіт лауазымды туысының атын жамылып қорқытқан

Жамбыл облысында жүк көлігінің жүргізушісі жарылған дөңгелегін ауыстыратын зат тапты (видео)

Ақтөбе облысында ер адам темекісін бермеген танысып ұрып өлтірді

Талқылау