Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ИВЛ аппараттарын Қазақстаннан Өзбекстанға заңсыз өткізбек болған

Өзбекстан азаматтары Қазақстаннан бес өкпені жасанды жеделдету аппаратын өз елдеріне тасымалдамақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ИВЛ

Олар жабдықты үш жүк көлігінің кабинасымен тасымалдаған. Заңсыз әрекет жасағандарды Мақтаарал аудандық прокуратурасының қызметкерлері, «Атамекен» кеден бекеті және Жетісай ВЧ-2037 ОКП шекара отряды бірлескен жедел іс-шаралар жүргізу кезінде тапты.

Сонымен қатар, «Қонысбаева» кеден бекетінде кеден қызметкерлері Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, салмағы 1 грамм гашишке ұқсас затты Өзбекстанға тасымалдамақ болған Қазақстан азаматын ұстады. Ол кісі Өзбекстаннан келе жатқан.

"Аталған факті бойынша барлық материалдар тергеу шараларын жүргізу үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды", - деп хабарлады Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 27 Шілде, 2020 20:43
Талқылау