Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Иванушки» тобының әншісі сынап кеткен Ақтөбедегі қонақүй депутаттікі болып шықты

Ақтөбедегі “Рояль” қонақүйінің иесі Қалауша Садықова әншінің сынына жауап берді.

20170907094737

Андрей Григорьев-Апполонов облыстық мәслихат депутаты Асқар Садықовтың отбасына тиесілі қонақүйге орналасқан болатын, деп хабарлайды Диапазон.

Қонақүй иесі не себепті бөлмеде тоңазытқыштың істемейтінін, ұялы телефон байланысы ұстамайтынын айтты.

«Біз жаңа жиһаздар, теледидар алып қайта орналастырдық. Сондықтан айна алдында тұруы тиіс фен кездейсоқ диван үстінде қалыпты. Бұл адамдардың қателігі», – дейді Садықова.

«Ал, тоқ нүктелеріне келетін болсақ, ол жерде тоңазытқыш қосатын нүкте бар. Бірақ оны көп адам ұрлап кетіп жатады. Тоңазытқыш сол себепті қосылмай қалған. Теледидар жұмыс істеп тұр, оны тек спутник ТВ жүйесіне қосу керек болатын.

Телефонға қатысты айтсам, мини-станция әлі төленген жоқ, сондықтан олар байланысты қоспапты. Біз клинеттерге мобильді телефон береміз. Біздің қонақүйдің жұмыс істеп жатқанына бір жыл ғана уақыт болды.

Осындай танымал әншінің біздің қонақүйге орналасқанына қуаныштымын. Сынға дұрыс қабылдай аламын. Ол бізді ынталандыра түседі», – дейді Садықова.

Ресейлік «Иванушек International» тобының әншісі Андрей Григорьев-Апполонов Ақтөбедегі қонақүйдің дизайнына таңғалып, сын айтқан видеосын желіге жариялап жіберген еді.

Бұған дейін ресейлік әнші мазақ қылған қонақүйді көруге Сапарбаевтың орынбасары арнайы барған болатын.

Тағы да оқыңыз:

Қостанай облысында музыка пәнінің мұғалімі қыздарға азғындық жасады деп күдікке ілінді

Алматы облысында әкім орынбасарынан таяқ жеген кәсіпкер күтпеген жерден күдіктіге айналды

Павлодарда екі қыз трамвай астында қалып көз жұмды

Талқылау