"Иттің баласы, үніңді өшір": Айнұр Тұрсынбаева баласына дауыс көтеретін аналарды сынады
Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева баласын қарғап-сілейтін ата-аналарға үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хаабрлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Желі жұлдызы балаңды тұлға етіп тәрбиелеуді қаласаң, әйеліңе көбірек көңіл бөлу керегін айтты.
“Егер балаларыңыздың тұлға болғанын, еркін ойлай алатын, рухты азамат болғанын қаласаңыз әйеліңізді бақытты қылыңыз! Әйел ашынса отбасының берекесі кетеді. Өзінің ата-анасын жамандай беретін адамдардан алыс жүріңіз. Бала-шағасын қарғай беретін әйелге жақындамаңыз. Қанша ашуланып тұрсаңыз да, айналаңызға уыңызды шашпаңыз. Балаларға ешқашанда "жоғал, құрып кет, иттің баласы, үніңді өшір, аузыңды жап" деп айтуға болмайды. Ананың әрбір сөзі – дуа! Тілі таза адамның ділі таза, рухы биік”, – деп жазды коуч-психолог.
-
"Көңілін табу үшін жалтақтадым": Айнұр Тұрсынбаева қандай келін екенін айтты
-
"Тамақты сырттан ішіп келемін": Айнұр Тұрсынбаева қандай ене екенін айтты
Одан кейін ер жетіп, бой жеткен ұл-қызын да мақтауын асырмауға кеңес берді.
“Өзгеруге ешқашан кеш емес! "Балам өскенде қыздардың бәрі артынан жүгіреді, қызым өскенде бүкіл жігітті ғашық қылады" деген сөздерді айтуға болмайды. Баланы "бірдемеге ұшырайсың" деп қорқытуға болмайды. Өз ата-анасынан қорқатын бала өзгелерге пікір айта алмайды. Балаларға тағы қандай сөз айтуға болмайды, бөлісе кетіңіз...”, – деп жазды айтыс өкілі.
Еске салайық, Айнұр Тұрсынбаева ажырасқаннан кейінгі қиналған сәтін есіне алған еді.