Иттерге жаны ашып, жылыту үшін подъезге кіргізген алматылық зейнеткер айыппұл арқалады

66 жастағы зейнеткер Галина иттер тоңып қалмасын деп подъезге кіргізгені үшін айыппұл арқалады. Айтуынша, 16 жылдан бері осылай жануарларға қамқорлық көрсетіп келеді. Бірақ мұнысы көршісіне ұнамай қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Зейнеткер Stan.kz редакциясына болған жағдайды баяндап берді.
“Мен 5 қабатты тұрғын үйде тұрамын. Қыста 3-4 итім үйде үріп, шуламасын деп сыртқа шағарамын. Өзім күні бойы жұмыстамын. Ал қатты ауа райы суық болса, осында 30 жылдап тұрып жатқан көршілерім оларды ішке кіргізеді. Сөйтіп иттер 2-қабатта жатқан. Осыдан екі жыл бұрын көшіп келген көршілер менің үстімнен арыз түсіріп, “иттердің жанынан өте алмай қалдым” деп шағымданған. Оларды өз басым көрген емеспін. Олар итті құбыжық көреді. Көршінің телефонын тауып, сөйлесіп көрейін деп едім, айқайлап, сөйлеспеді. Сөйтіп кеше учаскелік полиция маған 21 600 теңге айыппұл салды. Менің өз иттерім таза, зарарсыздандырылған”, – дейді Галина.
Оның сөзінше, учаскелік полицияның басшысы зейнеткерге иттерді ұйықтатып тастау керек деп айтқан. Оған қоса пәтеріне барып, үйде неше ит асырайтынын тексеріп кететінін ескерткен.
“Адамдар иттерді менің үйімнің алдына әкеп тастайды. Оларды далаға қуып жібермейтінімді білсе керек. Осылай қамқорлық танытсам маған айыппұл салады. Осыдан 2-3 жыл бұрын осындай жағдай болып, айыппұл салған. Бірақ олар менің иттерім емес еді”, – дейді зейнеткер.
Айыппұл салған соң оның ит тұрмақ, өзіне азық-түлік алуға зейнетақысы жетпей қалды. Зейнеткерке ақшалай көмек көрсетемін деген қазақстандықтар үшін:
Реквизиттер: 8 707 354 17 02 Галина Б.
Еске салайық, Алматыда полиция қызметкерлері зейнеткерді жылатып, айыппұл салған еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді