Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Итальяндық әнші Әдеміге үйлену туралы ұсыныс жасады

Итальяндық әнші Вальтер Риччи қазақстандық әнші Әдеміге үйлену туралы ұсыныс жасаса, Вальтердің ата-анасы Әдеміні Италияға өз үйлеріне қонаққа шақырған. Олар қазақ қызын келін етуге асығып отыр.

ademe_2

Бұл туралы Әдемі MuzZone арнасына берген сұхбатында айтты.

Алайда Әдемі уақытынан бұрын елден сүйінші сұрауға асықпайды. Ол әзірге Вальтердің ұсынысына жауап берген жоқ. Есесіне наурыз айында Италияға барады. Тұрмысқа шығу үшін емес, Вальтермен бірге айтқан әніне бейнебаян түсіру үшін.

Есте болса, Әдемі мен Вальтер былтыр “Жаңа толқын” байқауында ағылшын тіліндегі «Messages of love» әнін орындаған болатын. Әнді тыңдарманға жеткізе білу үшін Әдемі Вальтерге өзіне уақытша ғашық болуды бұйырған. Вальтер де сахнадағы жұбының айтқанына көнген. Тек ән аяқталғанымен, оның Әдеміге деген сезімі сөнбеген.

“Оның ата-анасымен де танысып қойдым. Скайп арқылы тұрмысқа шығуға ұсынысты да алдым. Енді мұны бетпе-бет қайталау ғана қалды”, – дейді Әдемі.

Десе де қазақстандық әнші әзірге итальяндық әріптесіне не сезетінін білмейтін секілді.

“Әзірге бәрі түсініксіз. Біз өте сирек сөйлесеміз. Өйткені ол Еуропада гастролдетіп жүр. Ол өте танымал әнші, алайда Қазақстанда оны ешкім танымайды. Одан бөлек, 5 сағат уақыт айырмашылығынан тілдесе алмаймыз. Ол телефонмен сөйлесе алатын кезде мен ұйықтап жатамын. Әрине, таңғы 5-те скайппен хабарласып, “Amore, te amor” деп айтқан кезде ішіңнен бірдеңе жүріп өткендей болады. Әйел адамы ретінде мен де өзімді жақсы сезінемін. Ата-анасымен таныстырғаны, “сен сияқты әйелді ешқашан кезіктірмеппін” деген сөздерді естіген жағымды.

Еуропалықтардың импульсивті болатыны белгілі, ол мұны эмоциямен айтып жіберуі де мүмкін. Сондықтан да өмірде барлығы біз ойлағандай болмауы мүмкін. Сол себепті қашықтықты сақтап тұрмын, ештеңе деп уәде бермеймін. Мен алдымен ұшып келейін, сосын көреміз дедім”, – дейді Әдемі.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайберген танымал көлік брэндінің жарнамасына түсті (фото)

Мақпал Жүнісова ауласындағы қарды неге өзі күрегенін түсіндірді

Ғани Қасымов: Димаш бұдан былай қазақ әншісі емес

Нұржан Керменбаев: Күніне 200 теңгеге жанды дауыста ән салатынмын

 

 

 

 

Талқылау