Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италиялыққа тұрмысқа шыққан Сати Казанова үйлену тойын Кавказда жасады

Ресейдің танымал әншісі Сати Казанова үйлену тойының суреттерін жариялады. Сати итальяндық фотограф Стефано Тиоццоға тұрмысқа шыққан болатын.

Той Сатидің кіші отаны Кавказ елінде өткен. Бұл күні күйеужігіт те, қалыңдық та кавказдың ұлттық киімін киген.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, жас жұбайлар бірнеше той жасаған, соның бірі Сатидің кавказдық туыстарына арналған.

Танымал жұлдыз бұған дейін тұрмыс құрғанын жасырған еді. Алайда бұл жолы Сати той суреттерін өзі көрсетті.

“Алдағы уақытта суреттерді көрсетіп, анық-қанығын айтатын боламын. Жалпы Черкестердің ежелгі дәстүріне сәйкес, би алаңына жұп өздігінен шыға алмайды. Алдымен ерді, одан кейін әйелді ортаға алып шығатын арнайы адам бар, оны Джэгуакlуэ деп атайды. Біздің жағдайда да солай болды», – деп жазды Сати.

Жіберіп алмаңыз:

Мөлдір Әуелбекова жас жігітпен бірге “Аллоға” ұқсас клип түсірді (видео)

Рауан Дәулетов Ақботаның бірінші күйеуімен араласатынын айтып, елді таңғалдырды

Ернар Айдар келіншегін жасыруының себебін ашып айтты

Төреғалиді ұнатып қалған Толқын оған өзі алғаш хат жазып, сезімін білдірген

Талқылау