Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италиялықтарға шетелде суррогат ана қызметін қолдануға тыйым салды

Италия парламенті ел тұрғындарына шетелде суррогат ана қызметін қолдануға тыйым салу туралы заңды мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Шетелде суррогат ана қызметін пайдалануға тыйым салу туралы бастаманы Италияның премьер-министрі Георгий Мелонидің әсіре оңшыл партиясы ұсынды.

Италияда суррогат ана қызметіне тыйым салу туралы заң 2004 жылы күшіне енген. Бұл заң жобасына сәйкес суррогат ана қызметі рұқсат етілген елдерде оны қолданғандарға айыппұл салынады. Ал заңға қарсы шыққандар мұның Италияда бала асырап алуға немесе ЭКО қолдануға рұқсаты жоқ ЛГБТ жұптарына бағытталғанын айтады. 



Жаңа заң жобасына 58 адам қарсы шықса, 84 адам керісінше, қолдаған.

Бұған дейін 50 жасында 4 баланың анасын атанған Баян Мақсатқызы екі қызын дүниеге әкелген суррогат аналармен қарым-қатынасын айтқан еді.

Талқылау