"Мыңнан астам жағдай тіркелді": Африкада маймыл шешегінен өлім-жітім көбейіп жатыр
Африкада маймыл шешегінен қайтыс болғандар саны мыңнан асты. Аурудың трансшекара арқылы таралу қаупі жоғары. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
AP басылымының мәліметінше, Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының бас директоры Жан Касея соңғы аптада маймыл шешегінен 50 адам қайтыс болып, жалпы 1100-ге жуық жағдай тіркелді. Жергілікті билікті Африка континентіндегі 55 елдің 18-іне қауіп төндіретін індеттерді ауыздықтауда қиын міндет күтіп тұр.
Касея Африкадағы эпидемиялық жағдайдың шұғыл әрекет етпесе бақылаудан шығып кететінін атап өтті. Сондай-ақ ол халықаралық серіктестерді Африканы қолдауға қатысты берген уәделерін орындауға шақырды.
- Азиядағы бірінші жағдай: Таиландта туристен маймыл шешегі анықталған
- Маймыл шешегінің өршуіне байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтіледі
Бұған дейін ДДСҰ маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцинаны мақұлдаған еді.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту
