Италиялық турист аюмен селфи жасаған соң өліп кетті
Фото: Bild
Карпат тауларында италиялық турист қоңыр аюды тамақтандырмақ болған кезде жануар оған шабуыл жасап, өлтірген. Полиция оның телефонынан жабайы жануардың ондаған фотосы мен видеосын тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bild арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
48 жастағы Омар Румыниядағы Трансфагарасан тас жолының бойымен мотоциклмен серуендеген. Мұнда туристер қоңыр аюларды тамақтандыратынды шығарған.
Тергеушілердің айтуынша, ер адам дәл осы белгілердің бірінің алдына келіп тоқтаған.
"Ол мотоциклден түсіп, аюға тамақ ұсынған. Шабуыл алдында түсірілген фотолары телефоннан табылды. Аю барған сайын жақындап келген", – деді орман қызметкері Арманд Чирилои.
"Аю бар, қандай әдемі, маған қарай келе жатыр!” дейді ер адам видеода. Әрі қарай жануар шабуыл жасаған. Куәгерлердің айтуынша, шабуылдан кейін аю денесін орманға сүйреп кеткен, оқиғаға куә болған жүргізушілер жедел жәрдем шақырған.
Көмекке 40 құтқарушы келді, бірақ олар жеткенде ер адам өліп қалған. Құтқарушылар аюды атып тастады. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл балаларын қорғап тұрған аюдың анасы болуы мүмкін.
Биліктің мәліметінше, бұл аймақта 100-ден астам қоңыр аю бар. Соңғы айда олар үш туристке шабуыл жасады, оның ішінде қолы жұлынып кеткен 75 жастағы әйел бар.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
