Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі ел азаматтығын қатар алып жүрген италиялық әйел Қазақстаннан шығарылды

Қостанай облысында екі ел азаматтығын қатар алып жүрген италиялық әйел елден шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қостанай облысы полиция департаменті екі ел азаматтығын алып, уақытында ескертпегендерге шара қолданылатынын алға тартты.

"Италия азаматтығындағы әйел 2017 жылдан бері азаматтық заңнаманы бұзған. Бұл заң бұзушылықты 2022 жылдың қазан айында облыс орталығының аумағында көші-қон қызметкерлері анықтады. ҚР азаматының шетел азаматтығын алу фактісі туралы белгіленген мерзімде хабарламауына байланысты ағымдағы жылдың 4 қарашасында Қостанай қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған соты италиялық азаматты Қазақстаннан шығару түріндегі жаза қолданып, әкімшілік жауапкершілікке тартты",- деді Қостанай облысы Көші-қон қызметінің басшысы Қайрат Дүтпаев. 



Министрлік азаматтар өзге елдің азаматтығын алса, 30 күн ішінде бұл туралы ҚР-ның ішкі істер органдарына немесе шетелдегі мекемелеріне заңды түрде хабарлауға міндетті екенін еске салды.

Осыған ұқсас 2022 жылдың 10 айында құқық бұзушылықтар үшін 56 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 12-сі ҚР аумағына 5 жылға кіру құқығынан шектетілген.

Талқылау