Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинада тұратын қазақстандық белгісіз себептермен ҚР-ның азаматтығынан айырылды

Қазір Украинада тұрып жатқан Ардақ Ешниязова белгісіз себептермен Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі informburo.kz порталына сілтеме жасап.

"Менің әпкем тұрмысқа шықты. Қазір Украинада, белгілі себептермен елімізге орала алмайды. Ал жақында Ақтөбе қаласындағы көші-қон қызметінен әпкемді азаматтығынан заңсыз айырғанын білдік. Ол ешқандай да құқық бұзбады Қазақстан азаматтығынан бас тартқан да жоқ. Тіпті басқа төлқұжаттар рәсімдеуге өтініш те бермеген. Бұл сонда қандай негізде болып отыр? Біз ол үшін алаңдаулымыз. Себебі Украинада соғыс жүріп жатыр. Ол жақта кез келген адамға жеке құжаттар өте қажет ",- деді Ардақтың әпкесі.

Ал құқық қорғау органдары қазірдің өзінде бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатырғандарын айтты. Сонымен қатар Ардақ Ешниязованы азаматтықтан айыру туралы шешімнің күшін жою шараларын қолға алынғаны белгілі болды.



"Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу жүйесіне түзетулер енгізу бойынша шаралар қабылдануда", - делінген хабарламада.

Полицейлер қызметтік тексеру он күнге дейін созылатынын атап өтті. Ол аяқталмайынша, құқық қорғау органдары нақтырақ ақпарат бере алмайды.

Талқылау