Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италиядан келген азаматтар Қазақстанға кіргізілмейді

Италиядан келген азаматтар Қазақстанға енді кіргізілмейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. 

«Бізді Еуроодақ елдерінде, соның ішінде Италияда коронавируспен ауыратындар санының өсуі алаңдатады. 8 наурыздан бастап Италиядан келген азаматтарға ғана емес, сол жақта тұрған шетелдік азаматтарға да біздің елге кіруге тыйым салынған. Италия жағдайы нашар, яғни «А» категориясына, бірінші топқа кіретін елдер тізімінде. Италия дертке шалдыққандар саны бойынша Қытайдан кейін екінші орында тұр», - деді Жандарбек Бекшин.

Бұған қоса жұқпалы індетке шалдыққандардың саны Франция, Германия Швейцария, Нидерланды және Швецияда күрт өсіп кеткен. 

«Жағдай әр 2-3 күн сайын өзгеруде. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 6 қаңтардан бастап тәулік бойғы жұмыс тәртібіне көшті. Бұл бізге күн сайын жағдайға мониторинг жасап, бақылауды күшейту бойынша жедел шара қабылдауға көмектеседі. Бүгінгі күгі «А« санатындағы Қытай, Оңтүстік Корея елдеріне Италия қосылды. Біз аса қажет жағдай болмаса қазақстандықтарға еуропалық мемлекеттерге, оның ішінде жоғарыда атап өткен мемлекеттерге бармауды ұсынамыз. Сондай-ақ, ол жақтан ешкімді қонаққа немесе жұмыс бойынша шақырудың қажеті жоқ», - деп қосты бас санитар.

Атап кетерлік жайт, коронавирусқа қолайсыз «А» санатындағы елдерге ҚХР, Иран, Оңтүстік Корея, Италия кірсе, «1Б» санатына Франция, Германия, Испания жатқызылған. Екінші санатқа Швеция, Ұлыбритания, Нидерланды орналастырылып, ал үшінші санатта Бельгия, Швеция, Норвегия, Үндістан, Ирак, Филиппин және АҚШ тұрған көрінеді.

Қазір Италиядағы коронавирусқа қатысты ахуал өршігіп тұр. Осыған байланысты елде тұтастай карантин жарияланыпты. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандықтарға саяхаттауға шектеу қойылған елдер тізімі жарияланған еді. 

 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тараз тұрғыны бақылау-өткізу пунктінен жібермеген полиция қызметкеріне шабуыл жасады

Ер адам полиция қызметкерінің қойылған талаптармен келіспейтінін білдіріп, оны боқтаған

Бөртпе және конъюнктивит COVID-19 белгілерінің бірі болуы мүмкін - Денсаулық сақтау министрлігі жаңа хаттамасы

COVID-19 үшін жаңа клиникалық хаттамалар бекітілді

Мұнай бағасы 40 пайызға өсті

Шамамен жарты сағат бұрын Brent маркалы мұнай бағасы 40 пайызға көтерілді

Қазақстандықтарға 42 500 теңге туралы SMS келе бастады

Миллионнан астам қазақстандықтар жәрдемақыны белсенді түрде алады

Коронавирустың өсуі баяулауда - Ерлан Қарин

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантиндік режимнің күшеюі өз нәтижесін беруде

Түркістан облысында жаңа тіркелген науқастар - коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар

Бүгінде өңірде коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген

Қазақстанда ел бюджетінің тапшылығын алдын алу үшін 3 триллион теңге қарызға алу жоспарланыпты

Вице-министр: Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін 2,4 трлн теңге қарыз алу қажет

Мүгедектігі бар 75 жастағы алматылық қария үйінде жалғыз қалып, азық-түлік алуға сыртқа шыға алмай отыр

Зейнеткер: Полиция көріп қалса, ұрысып шыға келеді

Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулыға қол қойды

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

Алматы обысында нанды қаптамасыз сатқан кәсіпкер айыппұл арқалады

Азаматқа 26 510 көлемінде айыппұл тағайындады
Çàãðóçêà...